ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ертіс өңірінің «Жыл тәлімгері» анықталды
23-01-2019 11:43
Ертіс өңірінің «Жыл тәлімгері» анықталды

Облыстық жас тәлімгерлер сайысына қатынасқан 13 аға тәлімгер ішінен Павлодар қаласының № 35 жалпы орта білім беру мектебінің тәлімгері Медет Айдана ІІІ орынға ие болды. 

3 турдан тұратын сайыс Павлодар облысының «Жас Ұлан» ҚБЖҰ-ның бастамасымен М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында өткізілді.  1-турда сайыскерлер өз жұмыс істейтін қоғамдық бірлестікті дамыту бағдарламасын қорғады. «Балалар ұжымымен жұмыс» атты 2-турда тәлімгерлер шығармашылық қабілеттерін ашып, балалар тобында эмоционалдық және іскерлік қарым-қатынасты құруға бағытталған жұмыс түрін көрсетулері қажет болды. 3-турда тәлімгерлер 20-минуттық шеберлік-сағатында танымайтын оқушылар аудиториясымен әр түрлі жұмыстардың бағытын көрсете білді. Аз уақыт ішінде оқушыларға облысымыздың жерлеріне саяхат жасатып, Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы бойынша ойын формасы негізінде жүзеге асырды. Сахнада аға тәлімгерлер ән шырқап, өлең оқыды, би биледі, флеш-моб көрсетті.

Айдана аға тәлімгер болып бірінші жыл жұмыс атқаруда. Оған балалармен жұмыс істеген ұнайды. Оның оқушылары түрлі шараларға, мерекелер мен жарыстарға қатынасып, жүлделі орындардан көрініп жүр. Айдана қазіргі уақытта Павлодар мемлекетті педагогикалық университетінде «Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистратурада оқып жатыр.