Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
№ 2 балабақша педагогының мастер-классы
23-01-2019 15:07
№ 2 балабақша педагогының мастер-классы

      2018 жылғы 23 қаңтарда Павлодар қаласы білім беру мекемелері педагогтарының жұмыс тәжірибесін жинақтау аясында № 2 балабақшада Павлодар қаласы білім беру бөлімінің сараптамалық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

   Павлодар қаласының № 2 мектепке дейінгі мекемесінің педагогы Виктория Ивановна Стинская балаларды эксперименталдау барысында мектепке дейінгі ересек балалардың білім алушылығын дамыту бойынша жұмыс тәжірибесін іске асыру шеңберінде инновациялық қызмет туралы есеп берді.
Педагог мектепке дейінгі балалардың әлемді тану барысында білім алушылығын дамытудың теориялық негіздерімен таныстырды, сабақтар мен тәжірибе циклін ұсынды, мектепке дейінгі балалардың тәжірибелік-эксперименталдық қызметінің нәтижелілігін көрсетті,тәрбиешілер мен ата-аналарға арналған әдістемелік ұсыныстармен бөлісті.

    Семинардың практикалық бөлімінде ересек топ балалары көңілді Симкамен бірге қызықты тәжірибелер сериясын көрсетті.

    Павлодар қаласының білім бөлімінің әдістемелік кабинеті меңгерушісінің орынбасары Г. Ш. Шиндлярская семинардың қорытындысын шығара отырып, В. И. Стинскаяның инновациялық қызметіне баға берді және педагогтың одан әрі даму перспективаларын белгіледі.