ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Әр баланың отбасы болуы керек
25-01-2019 17:05
Әр баланың отбасы болуы керек

Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2019 жылғы 25 қаңтарда Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылында «Патронаттық тәрбие үлгісі: өзекті мәселелер, оларды шешу жолдары, даму перспективалары» атты дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты-қоғамның назарын кәсіби отбасының баламалы түрі ретінде патронаттық тәрбие үлгісінде әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және жеңу саласындағы мәселелерге аудару.

Кездесуге Павлодар қаласы білім беру бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық секторының, Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылының, Павлодар облыстық мамандандырылған балалар үйінің, "Ана үйі" ҚҚ, Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылының мамандары, патронаттық тәрбиешілер, патронаттық тәрбиешілерге үміткерлер қатысты. Дөңгелек үстел басында қатысушылар қаладағы патронаттық тәрбиені дамыту, әлеуметтік жетімдік мәселелері туралы мәселелерді талқылады. Патронаттық тәрбиешілер дөңгелек үстелге қатысушылармен өздерінің жұмыс тәжірибесімен бөлісті,өз отбасы шеңберінде патронаттық тәрбие мәселелерін шешу жолдары туралы айтты. Кездесу қорытындысы бойынша патронаттық тәрбиені дамыту бойынша одан арғы жұмыс туралы әдістемелік ұсыныстар әзірленіп, берілді.