kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2795064
Бір айда264086
Бір аптада57054
Кеше11048
Тәулік388
Қазақстанның тарихи жолы және эволюциялық дамуы
08-02-2019 16:45
Қазақстанның тарихи жолы және эволюциялық дамуы

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті «Өрлеу» ҰБАО АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтымен бірге 2019 жылдың 4 ақпанында институтта Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кітапханасының қызметкерлерінің қатысуымен «Рухани жаңғыру: Болашаққа бастар жол» атты республикалық семинар-тренинг өткізді. Семинарға қала мектептері директорларының 70 астам тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, тарих, қазақ тілі мен әдебиеті, өлкетану пәні мұғалімдері мен мектеп мұражайларының жетекшілері қатысты.

Семинарда дәріскер Тілеубаев Ғазиз Тұрысбекұлы, философия ғылымдарының докторы, профессор, кітапхананың жетекші ғылыми қызметкері «Бәсекеге қабілеттілік - ХХІ ғасырдағы ұлттың модернизациясы» тақарабанда сөз сөйледі. Дәріскер Бердағұлова Сағынтай Кеңесқызы, т. ғ. к., жетекші ғылыми қызметкер - «Ұлттық бірегейлікті сақтау. Ашық сана-болашаққа жол» тақырыбы бойынша сөйледі. Тәжірибелік бөлімде п.ғ.к., доцент, кітапхананың әлеуметтік-гуманитарлық және білім беру жобалары қызметінің жетекшісі Күнсұлу Серікқызы Исинова «Бәсекеге қабілеттілік. Жеке және командалық тиімділікті, бәсекеге қабілеттілікті арттыру. Командалық ойын» тақырыбында оқыту тренинг өткізді. «Туған жер» туристік жобасын әзірлеу бойынша тренингті кітапхананың жетекші сарапшысы Хамитова Ақбота Қамайқызы өткізді. Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар сертификаттар алды, семина материалдары, ұсыныстар қаланың жалпы білім беретін мектептеріне жіберілді.