ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқу сауаттылығын дамыту және каллиграфиялық дағдыларын қалыптастыру
12-02-2019 10:10
Оқу сауаттылығын  дамыту және каллиграфиялық дағдыларын қалыптастыру

Павлодар  қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті № 19 ЖОМ «Оқу сауаттылығын дамыту және оқушылардың каллиграфиялық дағдыларын қалыптастыру» атты қалалық семинар өткізді. Мақсаты - каллиграфиялық стандарттарды қолдану және сөйлеу дағдыларын дамыту тәсілдерімен танысу. Семинарға бастауыш мектептің 40-тан астам мұғалімдері қатысты.

Семинар қатысушыларына Альфия Иранқызы Баймульдинова «Жазу және каллиграфия бойынша жұмыс дәптері», «Әдістемелік ұсыныстар» және Кенжегуль Айдарханқызы Балтабаева «Тіл дамыту жұмыс дәптері»,  «Мұғалімге арналған әдістемелік құрал» авторлық әдістемелік әзірлемелерін таныстыра  отырып, өз іс-тәжірибелерін ортаға салды.

Семинардың практикалық бөлімінде Н. А. Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту технологиясы» бойынша мастер-класс өткізілді. Семинарда қатысушылар практикалық тапсырмаларды орындап, пікір алмасты. Тәжірибе барысында қатысушылар әріптердің формасын алгоритм бойынша  жазуға, біркелкі көлбеулікті, ара қашықтықты, биіктікті сақтау қағидасын түсініп, жазу жолдарында қолданды, өздігінен тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағыларын дамытуға арналған тапсырма түрлерін құрастырды.