ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
ОЖСБ-ны ұйымдастырудағы және дайындаудағы жүйелі тәсіл
14-02-2019 14:54
ОЖСБ-ны ұйымдастырудағы және дайындаудағы жүйелі тәсіл

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті 2019 жылы 8 ақпанда № 34 ЖОМ-де «4 сынып оқушыларын ОЖСБ-ға дайындау және ұйымдастырудағы жүйелі тәсіл» атты семинар-практикум өткізді. Семинардың мақсаты - бастауыш сынып оқушыларының ОЖСБ-ны сыртқы бақылауға дайындаудың жүйелі тәсілін қарастыру. Семинарға 60 бастауыш сынып мұғалімдері, жалпы білім беретін мектеп директорларының орынбасарлары қатысты.

№ 34 мектептің бастауыш сынып мұғалімдері Сидорова Инга Николаевна ОЖСБ-ға дайындық кезінде оқушылармен жұмыс жүйесі туралы түсінік берді, оқу материалын есте сақтаудың ең тиімді техникасын, функционалдық сауаттылықты дамыту тәсілдерін, оқу материалын есте сақтау және оқушылармен бірге қайталауды өткізу принциптерін көрсетті. ОЖСБ-ға дайындық бойынша мұғалімнің циклограммасымен таныстырды. Тест спецификациясы қарастырылды. Елена Николаевна Кутепова Lerning. Apps.opg. сайтын пайдалана отырып, оқушыларды ОЖСБ-ға дайындау кезінде сандық ресурстарды пайдалануды іс жүзінде көрсетті. Семинар-практикумға қатысушылар өздерінің шығармашылық қызмет көрсету өнімін жасап «Learning.Apps.org», практикалық бөлімде алған теориялық білімдерін қолданды. Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Кайргазина Шолпан Шахановна ОЖСБ-ға дайындық кезінде оқушылармен жұмыс жүйесі бойынша ұсыныстар берді. Семинар материалдары, жадынамалар ОЖСБ-ға дайындық кезінде жұмыста қолдану үшін қала мектептеріне жіберілді.