ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы
14-02-2019 17:30
Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы

         Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің  «Бөбек» ұлттық  ғылыми-практикалық, білім беру және  сауықтыру орталығының  «Білім беру үдерісінде  адамгершілік және рухани білім беру «Өзін-өзі  тану»  бағдарламаларын біріктіру» жобасын жүзеге асыру  аясында 12 ақпанда  облыстық семинар  өткізілді. Семинар ұйымдастырған Павлодар қаласы білім беру бөлімімен бірігіп  К. Макпалеев атындағы № 4 ЖОМ. Мақсаты -басқа пәндермен интеграция арқылы сабақта  жалпыадамзат  құндылықтарын  әрі  қарай дамыту. Семинарға  Павлодар облысы  бойынша біліктілік арттыру  институтының «Өрлеу» БАҰО филиалының  жаттықтырушысы А. Ж. Несіпбаева, Павлодар қаласы  білім беру бөлімінің әдіскері  Г. Е. Айтжанова, пилоттық мектептер № 7 Ақсу қаласының, № 2 Песчан мектебінің, Павлодар ауданы Заря мектебінің директорлары және директордың орынбасарлары, Б. Ахметов атындағы  Павлодар педагогикалық колледжінің және қаланың өзін-өзі тану мұғалімдері   қатысты.

         Мектеп директоры Н. М. Батесова пилот жобасы аясында өткізілген жұмыстар нәтижелері туралы айтты, пилот мектептерінің өкілдері оқу-тәрбие процесінде  жалпы адамзаттық  құндылықтарды біріктіру бойынша  өз жұмыс тәжірибелерімен  бөлісті. № 4  мектеп мұғалімдері химия,математика, география, әдебиет, тарих, ағылшын тілі, дене шынықтыру, дүниетанудан  біріктірген сабақтар  көрсетіп, «Суперотбасы», көптілділіктен «Біздің бақытты үйіміз», «Жас құтқарушы» шебер-класс, «Фоамираннан  раушангүл»  сыныптан тыс шаралар  өткізді.

   «Өзін-өзі тану» онкүндігінің қорытындылары бойынша семинарда  қонақтарға  бастауыш сынып оқушыларының  «Киіз үй» көрмесі ұсынылды. «Шаңырақ» облыстық жоба аясында семинарға киіз үйдің ашылуы  орайластырылды. Киіз үйді технология мұғалімдері Қ. Ғ. Дюсембаев, А. Қ. Рахимованың жетекшіліктерімен мектеп мұғалімдері мен оқушылары жасады. Киіз үйдің ішкі безендіруі қазақ халқының мәдениетін, тұрмыс-салтын көрсетеді. Рухани Жаңғыру шеңберінде  киіз үйде әр түрлі  шаралар  өткізетін орын болып қалады. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне  арналған  мектеп музыкалық жетекшісі  Т. С. Петрованың ұйымдастыруымен және  «Ұлар» оркестрін шақыруымен гала-концерт болды.