ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қаланың бес мектебінде мемориалдық тақталар ашылды
15-02-2019 15:59
Қаланың бес мектебінде мемориалдық тақталар ашылды

Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына арналған іс-шаралар аясында 2019 жылы 13 ақпанда Павлодар қаласының 5 мектебінде (№ 4, 7, 16, 27, 36) мемориалдық тақталардың салтанатты ашылуы өтті. Мақсаты - өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, оқушыларға ерліктері халық жадында мәңгі қалатын жауынгер-интернационалисттер үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу. Акцияларға қала мектептерінің 2000 астам жоғары сынып оқушылары, жауынгер-интернационалистер қатысты.

Қаза тапқан жауынгер-интернационалистерді еске алуға арналған мемориалдық тақталар Сергиенко Александр Александрович (№ 4 ЖОМ), Ерченко Андрей Викторович (№ 7 ЖОМ), Грибчик Виктор Сергеевич (№ 16 ЖОМ), Брылев Иван Михайлович (№ 27 ЖОМ), Финенко Анатолий Александровичке (№ 36 ЖОМ) ашылды. «Павлодар және Павлодар облысының Ауған соғысының және жергілікті соғыстарының ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық қорының өкілдері осындай іс-шаралар болашақ өскелең ұрпаққа Қазақстан қорғаушыларының әскери борышын адал орындаудың үлгісі ретінде қажет екенін атап өтті. Ауған соғысы тірі қалған әрбір адам үшін-ұмытылмас жара. Олар госпитальдар, жарақаттар, аурулар арқылы бейбіт өмірге оралды. Ауған соғысы жауынгерлеріне жүктелген әскери борыштарын, әскери міндетін абыроймен орындады.

15 ақпан күні Ауған соғысында қаза болғандарды еске алуға арналған мемориалдық кешенге гүл шоқтарын қою рәсіміне қала мектептерінің 300-ден астам оқушысы қатысты.