ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында кәсіби шеберлік деңгейін арттыру
18-02-2019 11:28
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында кәсіби шеберлік деңгейін арттыру

 

        Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті «Өрлеу» ҰБАО АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтымен бірге «Ашық білім беру мүмкіндіктерінің кеңістігі. Педагогтердің тәжірибесін, педагог кадрлардың аттестаттау қызметін мектепішілік бағалауды ұйымдастыру» атты семинар-практикум өткізді. Мақсаты - басқару шеберлігін арттыру, қызметті курстан кейінгі әдістемелік сүйемелдеу жүйесін жетілдіру, аттестация аралық кезеңдегі педагогикалық тәжірибені сараптау және бағалау. Семинарға қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектеп директорларының 60-тан астам орынбасарлары қатысты.

Семинар-практикумның модераторлары кафедра меңгерушісінің м.а. Ахметниязова Айгүл Жұматқызы, әлеуметтану ғылымдарының магистрі, тренерлер, аға оқытушылар, педагогика ғылымдарының магистрлері Сарсенова Сәуле Кенжетайқызы, Идилуп Айман Төлегенқызы, Саваровская Татьяна Юрьевна, Ауталипова Балкен Жебеновна, Эртисхан Өміргүл, әлеуметтану ғылымдарының магистрі Несіпбаева Алем Жакеновна болды.

Семинар интерактивті түрде өтті. Топтарда сабақты кешенді талдау мәселелері, сабақты бақылау аспектілері пысықталды: оқу мақсаты мен күтілетін сабақ нәтижелерінің оқу жоспарының талаптарына сәйкестігі, оқушылармен оқыту мақсаты мен күтілетін сабақ нәтижелерін талқылау, сабақ құрылымының жоспарға сәйкестігі, оқу материалын зерделеуді ұйымдастыру, оқыту мақсатына жетуге ықпал ететін оқыту тәсілдерін пайдалану, ресурстарды пайдалану, олардың оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталуы, зерттеу дағдылары мен жобалау қызметінің дағдыларын дамыту. Критериалды бағалау, сабақты жоспарлау үшін формативті бағалау нәтижелерін пайдалану, формативті бағалаудың тиісті әдістерімен оқытуды қолдау, сабақтардағы бақылау түрлерімен және кері байланысты жүзеге асырудың жаңа әдістерімен танысу және оқушыларға сындарлы кері байланыс беру мәселелері қарастырылды. Мұғалімнің педагогикалық тәжірибесін бағалауды ұйымдастыру, кәсіби құзыреттілігін диагностикалау, мұғалім сабағын бақылау рәсімін өткізу, сабақты кешенді талдау мәселелері бойынша тыңдаушылармен интерактивті қарым-қатынасты Сарсенова Сауле Кенжетайқызы ұйымдастырды. Сабақты талдау алгоритмі, аттестатталатын мұғалімдердің 1 - 2 кезеңдеріндегі бағалау мақсаттары арасындағы айырмашылықтар талқыланды. Қатысушылар мұғалімнің берген санатына сәйкес сабаққа қойылатын талаптармен, сабақтың әр кезеңінде бағалау парағын қолдану әдістемесімен танысты.  «Педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» аттестатталатын мұғалімдердің сабақтарына қойылатын талаптар қарастырылды. Білім беру бөлімінің әдіскері Шолпан Сәменқызы Нұрахметова аттестаттауға дайындық сапасын арттыру үшін мұғалімдердің тәжірибесін мектептегі бағалау мәселелеріне тоқталып, педагогтің кәсіби өсуі мен жұмыс тәжірибесін жетілдіру бойынша рефлексивті диалог өткізу бойынша ұсыныстар берді. Білім берудің жаңартылған мазмұнын және аттестаттаудың жаңа ережелерін енгізу жағдайында мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін одан әрі дамыту үшін жаңа басымдықтар белгіленді. Жұмыс қорытындысы бойынша кері байланыс карточкаларында семинар қатысушылары одан әрі қарау және талқылау үшін сұрақтар қойды.