ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Туған өлке білгірлерінің сайысы
20-02-2019 09:47
Туған өлке білгірлерінің сайысы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығында 2019 жылғы 13 - 15 ақпан аралығында туған өлкенің жас білгірлдерінің «Кіші Отан» қалалық турнирі өткізілді. Мақсаты - өз ата-бабаларының рөлін және ұрпақтар тізбегіндегі өз орнын сезіне білетін, азамат-патриоттың құндылықтары мен идеяларын қалыптастыру. Турнир 3 - 4 сынып оқушылары арасында мемлекеттік және орыс тілдерінде өтті.Қаланың, ауданның 14 жалпы білім беретін мектептерінің 95 оқушысы өз командаларын ұсынды. Атап кететін болсақ № 24, 21, 39, 7, 14, 28, 18, 11, 31, 34, 29, 9, 13, Жетекші ЖОМ, Ертіс ауданы № 4 Ертіс ЖОМ.

Турнир кезеңдері әртүрлі болды. Бірінші соққы командалардың капитандарын өзіне алды, олар облыс картасын білу бойынша жарысты, өлкенің табиғи ерекшеліктерін білу үшін «Крестики-нолики» туры қызықты өтті. Команда қатысушылары жануарлардың іздерін ашып, өздерін нағыз ізтүзуші ретінде көрсетті.Дәрілік өсімдіктерді жақсы білу оқушыларға «Дәрілік өсімдік» кезеңін жақсы меңгеруге көмектесті. Ал «Павлодар облысының әйгілі адамдары» туры қатысушылар өлке тарихын жақсы білетіндігін көрсетті. «Визит карточкасы» және «қала көшелері сөйлейді» үй тапсырмасын таныстыру кезінде командалар шығармашылық, жарқын және қызықты өнер көрсетті. Бұл жерде облыс туралы өздері шығарған өлеңдер оқылды, қала көшелері бойынша олардың тарихы туралы әңгімелеумен экскурсия өтті. «Бүгін біздің алдымызда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша нақты міндеттер тұрған кезде, ұлттық тарихқа деген құштарлық барлық қазақстандықтардың бірлігі сезімін қалыптастыруға көмектеседі», - дейді қазылар алқасының төрағасы, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының бөлім бастығы Әлия Рахметжанқызы Жүнісова.

Турнир қорытындысы бойынша (мемлекеттік оқу тілі) I орынды № 24 ЖОМ, II орынды - Жетекші ЖОМ, № 21 ЖОМ, III орынды - № 4 Ертіс ЖОМ, № 7 ЖОМ командалары иеленді. Орыс тілде оқытылатындар арасында І орын № 9 ЖОМ командасы іеленді, ІІ орын - № 21, 31 ЖОМ командалары, ІІІ орын - № 28, 14, 18 ЖОМ командалары.