ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
№ 35 мектеп базасында сараптамалық кеңестің отырысы туралы
20-02-2019 10:26

         2019 жылғы 21 ақпанда  9.00 - 12.00 сағатта «Павлодар қаласының № 35 ЖОМ» (Айманова, 37) ММ базасында «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектеп оқушыларының кәсіби өзін-өзі анықтауы» тақырыбы бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмысты жүзеге асыру шеңберінде қалалық сараптамалық кеңестің отырысы өтеді.

Сараптамалық кеңестің отырысы «WORKSHOP» - шеберхана, PUBLIC TALK «Кәсіптен тыс адамдар», «Болашақ дағдылары мен кәсіптері» атты брифинг форматында өтеді.        

Сарапшылар кеңесінің қатысушылары - инновациялық мектептердің ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі ДО «Болашақ мамандықтары. Мектепте бәсекеге қабілетті түлекті қалай дайындау керек» атты пікірталас алаңына қатысады.

Білім беру мазмұнын жаңарту тәртібінде мектеп мұғалімдері көптілділік режимінде физика, информатика, биология, химия пәндерінен ашық сабақтар беріп, «Банк және оның жұмысы» қаржылық сауаттылығы бойынша арнайы курспен таныстырады.

 

                                                        Павлодар қаласының білім беру бөлімі