ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жақсылық мейірімділікпен
20-02-2019 16:41
Жақсылық мейірімділікпен

«Қазақстан - мейірімділік мекені» республикалық балалар бастамасы аясында 2019 жылдың 15 ақпанында Кенжекөл ЖОМ-да қайырымдылық жәрмеңкесі және «Балаларға жылу сыйла» концерті өтті. Мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға материалдық көмек көрсету. Ұйымдастырушы - педагогикалық ұжым және мектеп оқушылары, ата-аналар да белсенділік танытты.

Мектеп жәрмеңкесінде сатылатын өнімдердің алуан түрлілігі болды. Концерттік бағдарламаға оқушылар, мұғалімдер, мектеп түлектері қатысты. Әр түрлі жанрдағы, орыс, қазақ, испан тілдерінде әндер шырқалып, вокал, домбыра, би, хореография бойынша мектеп үйірмелерінің қатысушылары өз өнерлерін ортаға салды (жетекшілері Е. П. Мусина, Г. И. Ибраева, Е. Жазкей, С. Р. Радикова, Е. А. Щеглов, музыка, хореография мұғалімдері), дене шынықтыру мұғалімі Хуан Х. және оқушының әкесі Ерлашев А.

Жәрмеңкеден және концерттен жиналған қаражатқа мектептің Қамқоршылық кеңесі 14 аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, сонымен бірге қазіргі кезде Мәскеу қаласында ем алып жатқан мектебіміздің оқушысына материалды көмек көрсетті. «Осындай іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу - бұл үлкен еңбек, бірақ нәтижесі жақсылық ұялатады, шығармашылық пен талант маңызды әлеуметтік міндетті орындағанын түсінген кезде - мұқтаж отбасыларға пайда әкеледі», - дейді қамқорлық кеңес төрайымы Бақыт Сейполиновна Нарбутина.