ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазақстан халқының костюмдеріндегі ұлттық дәстүрлердің ерекшеліктері
21-02-2019 12:36
Қазақстан халқының костюмдеріндегі ұлттық дәстүрлердің ерекшеліктері

2019 жылдың 15 ақпан күні Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебі Ұлттық жаңғыру мектебімен  бірлесе отырып «Павлодар Ертісінің 18 этностық топ костюмдердегі ұлттық дәстүрлер ерекшелігі» атты Рухани жаңғыру бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылған «Ғасырлар тоғысынан» кезекті жоба кезеңін қорытындылады.

Қорытындыны жинақтау сәтіне мектеп оқушылары Светлана Евгеньевна Рейн, Ольга Ивановна Ловина, Дамир Серікұлы Смыков, Екатерина Александровна Одарчук, Татьяна Васильевна Ахметжанова, Шамиль Рахымбекұлы Шушаев, Александра Станиславовна  Ловина-Самошкина сияқты ұстаздар жетекшілігімен жарты жыл көлемінде әзірлеген әйелдер мен ерлер бас киімі, сондай-ақ ерекше әдемі әшекейлер ұсынды. Осы Қазақ халқының әртүрлі этникалық топтарының әшекейлері мен бас киімдерін дайындалу технологиясының ерекшеліктерін зерттеу үшін, халық ертегілері, арнайы әдебиет, сонымен қатар дақпырттар мен аңыздар оқылды. Әшекейлер полимерлі балшық, жез, пластик, түс кілем техникасындағы жіптерден жасалды, ал бас киімдерді әзірлеуге қағаз, картон, мата, жіп, майда моншақ, моншақ сияқты заттар қолданылды. Сондай-ақ әшекейлер қойылымын фольклорлы стилде орындалған айналар толықтырды. Жас ұрпақтың тарихи ұлттық дәстүрлерге деген жаңа көзқарасы бейнеленген стилдегі, 49 бас киім жасалып, таныстырылды. Барлық 90 қатысушы дипломдармен марапатталды.