ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстың үздік әншілерінің финалдық байқауы
21-02-2019 14:29
Облыстың үздік әншілерінің финалдық байқауы

«Әнші балақай - 2019» вокалдық өнер байқауының ақтық кезеңіне мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілері мен облыстың жалпы білім беретін мектептерінің бастауыш буын оқушылары, 5 - 10 жас аралығындағы аудандық, қалалық вокалдық конкурстардың жеңімпаздары қатысты. 30 қаңтарда іріктеу турында 134 қатысушы болды, финалдық турға 34 қатысушы өтті, оның ішінде 11 жүлделі орынды Павлодар қаласының білім беру мекемелерінің оқушылары мен тәрбиеленушілері иеленді.

Байқау қорытындысы бойынша 5 - 7 жас аралығында № 29 ЖОМ 1 сынып оқушысы Канатова Рамина, «Сауран» балалар - жасөспірімдер клубының тәрбиеленушісі Исенова Айлана I орынды иеленді.

II орынды 5 - 7 жас аралығында «Павлодар қаласы № 28 сәбилер бақшасы «Айналайын» ансамблі, 8 - 10 жас аралығында - Иваненко Арина, № 26 ЖОМ 5-сынып оқушысы, Жолдасбай Аңсар, № 21 ЖОМ 4-сынып оқушысы иеленді.

ІІІ орынды «Жас толқын» балалар-жасөспірімдер клубының тәрбиеленушісі Калимардан Диас, № 26 ЖОМ 4-сынып оқушысы Саенко Марина, 5 - 7 жас аралығында № 12 балабақша квартеті құрамында Қанат Аңсар, Төлеш Диласыл, Мухатанова Айары, Сарина Гүлден, № 35 ЖОМ 1-сынып оқушысы, Егінбай Омар, № 2 ЖОМ «Мерей» шағын орталығының тәрбиеленушісі иеленді.

Жеңімпаздар дипломдармен, кубоктармен және естелік сыйлықтармен марапатталды, марапаттау рәсімінің гала-концертінде өнер көрсетті. Жүлдегерлерді дайындаған педагогтар алғыс хат алды. Байқау 2019 жылы 15 ақпанда М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы Композиторлар одағының құрылғанына 80 жыл толуына арналған «Жаңа жұлдыз» облыстық вокалдық шеберлік байқауы аясында өтті.