ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Робототехника бойынша «Мой робот» қалалық олимпиада туралы
21-02-2019 15:04

Павлодар   қаласы  білім беру бөлімі «Павлодар дарыны»бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2019жылы

28 ақпанда  сағат  9.00 - 15.00-ге дейін   № 25 ЖОМ  (Майра, 49/1) робототехника бойынша  «Мой робот»  қалалық  олимпиада өткізіледі.

Мақсаты - бағдарламалаумен   және робототехника сабағына әр жастағы балалардың қызығушылығын арттыру және баулу, оқушылардың инженерлік-шығармашылық  және ақпараттық-коммуникативтік құзырлығын дамыту, конструктивтік қызметке қабілетін,ерекше ойды меңгерген, таланты, дарынды оқушыларды айқындау,қойылған мақсатқа жету үшін роботты бағдарламалау дағдыларын жетілдіру.

Қаланың 32 жалпы білім беру мектептерінен 5 - 10 сыныптың 121 оқушысы қатысады.

23 жалпы білім беру мектептерінің  9 - 10 сыныптың  жоғарғы тобының 32 командасы 2-категорияда жарысады: «Робофутбол», «Лабиринт».

2 тур бойынша «Робокомбо» категориясында топтық жұмыс жарысына  26 мектептен 5 - 8 сыныптың  орта  тобының  29 командасы қатысады: 1-тур «Гонки по линии с препятствиями», 2-тур «Робосумо мини».

Олимпиаданың  жеңімпаздары мен жүлдегерлері I, II, IIIдәрежелі  дипломмен марапатталады. Iорын алған оқушылар наурыз айында робототехника  бойынша облыстық  олимпиадаға қатысады.

 

Павлодар  қаласы білім беру бөлімі