ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектеп оқушысы өзінің сіңілілерін жанып жатқан үйден құтқарды
26-02-2019 09:45
Мектеп оқушысы өзінің сіңілілерін жанып жатқан үйден құтқарды

Павлодар қаласы № 39 ЖОМ 8-сынып оқушысы Ангелина Завьялова 2019 жылы 22 ақпанда Өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінде жанып жатқан үйден екі сіңілісін құтқарғаны үшін алғыс хатпен және естелік сыйлықпен марапатталды. Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы полковник Самат Асайынов Ангелинаға батыл әрекеттері үшін алғысын білдірді. Мектептен кейін Ангелина атасына 3 жастағы кіші сіңлісін үйге алуға келді. Атасының үйінде өрт басталғанда, есіктің астынан шыққан түтінді көрген Ангелина жанып жатқан үйдің терезесінен екі сіңілісіне шығуға көмектесті.

Сынып жетекшісі Кутнова Людмила Григорьевна Ангелина мектептің ең үздік оқушыларының бірі, өте жауапты және еңбекқор екенін атап өтті. «Мен мұндай әрекетке таң қалмағанмын, мектепте төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері балаларды әртүрлі төтенше жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін бірнеше рет үйретті», - дейді мұғалім.