ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қалалық жалпы білім беретін мектеп директорларының кеңесі
26-02-2019 12:50
Қалалық жалпы білім беретін мектеп директорларының кеңесі

2019 жылғы 25 ақпанда Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептері директорларының кеңесінде «Жалпы орта білім беру мекемелерінде «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңды іске асыру», «Алғашқы әскери дайындық» пәні бойынша қала мектептерінде оқушылардың міндетті дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды орындау туралы» мәселелер қаралды. «Алтын белгі» және Үздік аттестатқа үміткерлердің құжаттарын тексеру қорытындысы туралы, облыстық пән олимпиадасының қорытындысы туралы есеп тыңдалды. 2018 жылғы кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс, балалар мен жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқының алдын алу мәселелері бойынша жұмыс қорытындысы шығарылды.

Кеңес барысында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы С. О. Айтқазина мемлекеттік тілді дамыту, қазақ тілінде оқыту сапасы, «Алтын белгі» аттестатына және Үздік аттестатқа үміткерлермен жұмыс істеу, оқушыларды интеллектуалдық жарыстарға дайындау мәселелеріне назар аударды. Мектеп бітірушілерді ҰБТ-ға қатысуға дайындауға, мектептердің қамқоршылық кеңесінің жұмысына ерекше назар аударды. Жиналыс қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі мәселелердің орындалу мерзімі мен жауапты тұлғаларды көрсете отырып хаттамалық тапсырмалар берілді.