ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ғарыш әлеміне қиял
27-02-2019 09:52
Ғарыш әлеміне қиял

2019 жылғы 15 ақпан күні М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында «Жұлдыздар бізге жарқырайды» атты IV облыстық жас астрономдар форумына 45 талантты бала қатысты.

Жас астрономдар форумында оқушылар астрономия және ғарыш туралы ғылыми жобаларды ұсынды. Қатысушылардың өнерін білікті қазылар алқасы бағалады. Форумға  ең жас қатысушы Павлодар қаласының  № 18 ЖОМ-нің 1-ші  сынып оқушылары Роман  Рымарь мен  Асанали Сагындык «Ғарыштық аппараттарды модельдеу» жұмысымен қатысты. Олардың жұмысы үлкен қызығушылық тудырды. Оқушылар 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап «Антарес» жас астрономдар  клубымен айналысады. Олардың жұмысы өте күрделі жоба, өйткені теориялық білімді тәжірибеде қолдана білу керек. Макет - бұл сұйық қозғалтқышты қоспағанда, әуе-реактивті жабдықталған зымыран тасығыш. Бұл нақты зымыран тасығыштарға отынды үнемдеуге, оларды  бірнеше рет қолдануға мүмкіндік береді. Оқушылардың жұмысы қызықты техникалық шешіммен ерекшеленіп, «Жас ғалымдар» номинациясы бойынша III орынға ие болды.

№ 30 ЖОМ 6-шы  сынып оқушысы Кусаинова Малика «Жер  туы» атты жобасы үшін ІІІ орынға ие болды, жетекшісі жаратылыстану пәнінің  мұғалімі Оксана Николаевна Бовина. Малика үлкен жұмыс жүргізіп, әлемнің туы туралы көптеген ақпарат көздерін талдады. Ол форумға өзінің жер жалауының суретін салып, форумға шығарды. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.