ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Жас метеоролог» вариативтік компонент бағдарламасын жүзеге асыру
01-03-2019 09:40
«Жас метеоролог» вариативтік компонент бағдарламасын жүзеге асыру

2019 жылғы 27 ақпан Павлодар қаласының № 3 сәбилер бақшасы озық педагогикалық тәжірибені жалпылау және тарату бойынша семинар-практикум өткізілді. Педагог Наталья Александровна Крюкова «Балабақшада «Жас метеоролог» вариативтік компонент бағдарламасын жүзеге асыру» баяндамамен сөз сөйлейді.

Практикалық бөлік үш блокқа бөлінді: балалармен жұмыс, семинар қатысушылары ересек топта «Ауа-райын құрастыру кітабы», сонымен қатар балалардың қармен тәжірибе жүргізудің ұйымдастырылған оқу әрекетінің үзіндісін көрді.

Балабақшада экологиялық тәрбиелеу жүйесінің аса маңызды аспектісі  ата-аналармен жұмыс істеу. Осы жұмыс екінші блоктың практикалық бөлімінде ұсынылды. Ересек топ тәрбиеленушісінің ата-анасы «Қысқы тарихтар» кітап-жазулар атты қызықты жобаны қорғады.

Үшінші блокта кадрлармен жұмыс істеу, семинар қатысушылары метеоалаңда жұмыспен танысты және «Ауа-райы кітаптарының» тікелей авторлары болды.

Семинардың қорытынды бөлігінде барлық педагогтарды арт-терапия әдісі арқылы «Ауа-райы - көңіл-күй» суретін құрастыру бойынша шығармашылық шеберханаға жұмылдырылды. Отырыс қорытындысы бойынша «Жас метеоролог» вариативтік компонент бағдарламасын жүзеге асыру бойынша озық педагогикалық тәжірибе жұмысына баға берілді.