ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Білім беру бөлімінің ардагерлерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтау
04-03-2019 12:26
Білім беру бөлімінің ардагерлерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтау

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің ардагерлеріне біздің мемлекеттік мерекелер қарсаңында құрмет көрсету дәстүрге айналды. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында № 24 мектепте Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы Самал Оспанқызы Айтказинаның педагогикалық еңбек ардагерлерімен кезекті кездесуі өтті. Кездесуге 3 ұрпақтағы білім беру бөлімінің ардагерлері: 20 ғасырдың 70 - 80 жылдары білім жүйесінің бастауында тұрған адамдар, 90-жылдары Тәуелсіз Қазақстанның білім беруді дамытуға үлес қосқан бөлім қызметкерлері, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында білім беру саласын жаңғырту және жаңартумен байланысты аттары бар басқарушылар қатысты.

Өз сөзінде білім бөлімінің басшысы С. О. Айтказина ардагерлерді қала мектептерінің материалдық-техникалық базасының жүйелі жаңартылуы, жаңа стандарттар мен жаңартылған мазмұнның жүзеге асырылуы туралы хабардар етті, ардагерге олардың жүйенің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты.

Ардагерлерге Рухани жаңгыру жобаларын іске асыру шеңберінде оқушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі, заманауи оқу кабинеттері таныстырылды. Концерттік бағдарламаны қала мектептерінің жас талантты педагогтары дайындады және өткізді. Өз сөздерінде Боровикова В. И., Алейник Л. А., Логвиненко Н. педагогикалық еңбек ардагерлері, ардагерлермен кездесу ерекше күндерде дәстүрге айналғанын атап өтті, кездесулерде олар білім берудегі жетістіктер, жаңашылдық туралы пікірмен бөлісіп, бөлім басшылығы тарапынан үнемі көңіл бөлгені үшін алғыстарын білдірді.