ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Уақытқа сыр ашу
04-03-2019 17:04
Уақытқа сыр ашу

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Павлодар қаласының білім бөлімі 2019 жылдың 1 наурызы күні «Ертіс Медиа» ЖШС - «Найзатас» журналымен бірлесіп, № 16 лицей-мектебінде «Павлодар облысының ақындары Константин Лунинмен және Айбек Оралханмен «Уақытқа сыр ашу» атты поэтикалық кездесу өткізді. Әдеби кешке Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының алқа мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Арман Қани, С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың директоры Шолпан Шахметова, Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейінің директоры Жеңіс Молдабеков, ақын, «Халық радиосының» журналисі Жарқынбек Амантай, облыстық білім басқармасының баспасөз хатщысы Бағдәулет Нұрмат, сондай-ақ педагогикалық қызметтің ардагерлері, талапкер жас ақындар, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, № 16 лицей-мектебінің оқышылары мен ұстаздары қонақ болып қатысты.

«Уақытқа сыр ашу» атты кеш мектептік «Сиқырлы қоржын» жобасы аясында әдеби қонақжай үлгісінде ұйымдастырылып, Ертістің Павлодар өңірінің белгілі қаламгердерін тану мен олардың шығармашылығын білу дәстүрін қалыптастыруға, көркем әдебиетті оқуға тәрбиелеуге, отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты белсенді етуге, көркем әдебиетті оқуға деген ынтаны арттыруға бағытталды.

Павлодар өңірі туған өлкені, оның тарихын жырға қосқан елімізге белгілі қаламгерлерге аса бай. Жас оқырмандар бұл кеште К. Лунин және А. Оралхан ақындардың шығармашылығын тереңнен тануға мүмкіндік алды. Жыр кеші жанға жайлы, көңілге жағымды ерекше ахуалда жүргізілді. № 16 лицей-мектебінің оқушылары К. Луниннің «Читайте, люди, строки о войне», «Посвящение Луниной», «Родина», «Павлодар - наш общий дом», «Все в этой жизни смертно…» атты жырларын айрықша толғаныс-тебіреніспен мәнерлеп оқып, көрермендердің көңіл-күйін асқақтатып, ыстық ықыласын арттырды. Сонымен қатар, кеште екі ақын өзара поэтикалық баттлға түсіп, К. Лунин өзінің «Пою тебя, мой Казахстан» атты жаңа жыр жинағында жарық көрген өлеңдерін оқыса, А. Оралхан оның қазақ тіліндегі көркем әрі аса шеберлікпен өрілген аудармасын көпшілікке ұсынды. Әдеби кештің сиқырға толы ғажайып пернелері барша көрерменді ерекше әсерге бөледі және ұзақ уақытқа есте қаларлықтай тамаша көңіл ауанын сыйлады.