ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Тоғызқұмалақ бойынша республикалық турнирдің жүлдегері
05-03-2019 09:25
Тоғызқұмалақ бойынша республикалық турнирдің жүлдегері

Ерейментау қаласында   2019 жылғы 24 - 26 ақпан аралығында өткен Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі Балташ Сыздықұлы Дүйсеновті еске алуға арналған тоғызқұмалақ ойыны бойынша Республикалық турнирге облыс командасы құрамында Кенжекөл ЖОМ-ның 6-шы сынып оқушысы Қабдулмәжит Аяжан қатысты. Жарысқа бүкіл республикадан ұлттық спорт әуесқойлары жиналды.

Жарыс қорытындысы бойынша Аяжан Қызылорда, Атырау, Семей қалалары мен Ақмола облысының қатысушыларын жеңіп, II орынға ие болды. «Бұл ойын түрімен мен 4 жыл айналысамын, маған өте ұнайды, ойын өте танымдық, ойлауды дамытады. Бұл республикалық турнир мен үшін өте маңызды болды», - дейді Аяжан. Ол мектепте тоғызқұмалақ ойын секциясына, шахмат Үйіндегі секцияға да қатысады, оның жаттықтырушысы Каймульдин Жанат Сембайұлы. Аяжан әр түрлі деңгейдегі жарыстарда мектеп, облыс абыройын  жүлделі орындарға ие болып қорғауда. 2018 жылы ол қалалық жарыста І орын, облыстық жарыстарда ІІІ орын және республикалық турнирлерде ІІ орын алды.