ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Челендждің бас жүлдесі
06-03-2019 09:11
Челендждің бас жүлдесі

2019 жылдың 23 қаңтар - 23 ақпан аралығында «Рух нәрі - ұлы сөз» жобасын іске асыру мақсатында Ш. Айманов атындағы мектеп-интернатының ұйымдастыруымен Баянауыл ауданы Баянауыл ауылында #Қайрат Әбентегі тану# челенджісі өткізілді. Челендж  шарттары бойынша қатысушыларға әлеуметтік Instagram желісіне Қайрат Әбеновтің «Өмір шіркін, өтесің бір күн», «Бір ауыз сөз», «Рух нәрі - ұлы сөз» кітаптарынан ұнаған өлеңді мәнерлеп жатқа оқып, бейне түсірілімге түсіріп жариялау қажет болды.Бас жүлде байқаудың барлық  шартын орындаған және ең көп Iike (лайк) жинаған оқырманға беріледі.

Әдеби байқауға Қазақстанның  әр түкпірінен 166 үміткер қатысты. Үміткерлер қатарында өзге ұлт өкілдері де болды. Әдеби байқауға Павлодар облысының қатысушылары ғана емес,  Қарағанды, Солтүстік және Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарынан да қызығушылық танытқан үміткерлер болды, сонымен қатар № 19 жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Айдарғалы Райымбек пен 10-сынып оқушысы Нұрханым Мұқатай қатысты.

 

Байқау қорытындысы бойынша ең көп дауыс 12057 Iike (лайк) жинап Нұрханым Мұқатай I орын және 100 000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болды.Салтанатты марапаттау рәсімі Қайрат Мүзәпәрұлының үзеңгілес достары мен Баянауыл ауданының құрметті азаматтарының  қатысуымен өтті.