ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Көптілділік-іс-әрекетте (М. Әуезов атындағы № 42 ЖОМ тәжірибесі туралы)
11-03-2019 16:29

14 наурыз 2019 жылы  9.00 - 12.00 сағатта М. Әуезов атындағы  № 42 ЖОМ-де  (Ткачева,15) «Үш тілде оқыту: ізденістер, шешімдер, перспективалар» тақырыбы бойынша семинар – практикум түрінде қалалық білім бөлімінің сараптамалық кеңесінің кезекті отырысы өтеді.

«Үш тілді оқыту жағдайында ОТҮ ұйымдастыру» облыстық эксперимент режимінде жұмыс істей отырып, Павлодар қаласының № 42 мектебі 14 жыл бойы пән мен тілді ықпалдастыра оқытудың жаңа тәсілдерін енгізуде, 2017 жылдан бастап Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін енгізетін пилоттық мектептер қатарына енді.

 Мектеп әкімшілігінің сөз сөйлеуінде мазмұнын жаңарту жағдайында көптілді білім беруді ұйымдастыру негізі ретінде мектептің даму бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұжымның қызметі, сондай-ақ жалпы білім беретін мектеп жағдайында Үш тілде оқыту процесін ұйымдастыру тәжірибесі таныстырылады.

Осы іс-шарада педагогикалық ұжым әр түрлі пәндер бойынша гимназия сыныптарында 11 кіріктірілген сабақ өткізу арқылы жұмыс жүйесін ұсынады, оның ішінде «Химия», «Биология» пәндері бойынша ағылшын тілін қолдана отырып, «Қазақстан тарихы» - қазақ тілін қолдана отырып, кіріктірілген сабақтарды өткізу тәжірибесі, жаңа стандарттарға сәйкес заманауи білім беру технологияларын қолдану, сабақта сөйлеу қызметін дамыту.

Семинарға қатысушылар элективті курстар, оның ішінде қазақ тіліндегі «Түріктану», «Латын графикасы үлгісіндегі қазақ тілі», ағылшын тіліндегі «адам және табиғат», «адам денсаулығын қорғау», «Павлодар Ертіс өңірінің жануарлар және өсімдіктер әлемі», «компьютерлік ағылшын тілі», «Биология на английском» және элективті курстар сабақтарына қатысады.  

  Өзекті диалог ЖОО оқытушыларының қатысуымен «Инновациялық идеядан - оны іске асыруға» алаңын ұйымдастыру барысында өтеді. Мектеп педагогтары ағылшын тілін қолдана отырып, ЕМО пәндері бойынша элективті курстар мен сабақтарға дайындық кезінде оқу материалдарын іріктеу мәселелері бойынша әріптестерімен жұмыс тәжірибесімен алмасады.

   Оқушылардың сабақтан тыс іс-әрекетін ұйымдастыру клубтар, үйірмелер мен секциялар отырыстарында оқушылар қызметінің түрлі түрлері: Шығармашылық жобаларды қорғау, ОҒҚ конференциясы, экскурсия, пікірталастар, шеберлік-сыныптар, театрландырылған қойылым, спорт мерекесі арқылы ұсынылатын болады. Семинар жұмысы «Көрісейік ұлы дала жолында» атты үш тілде театрландырылған қойылыммен аяқталады.

         «Инновация алаңы: көптілді оқыту тәжірибесі» көрмесі ерекше қызығушылық тудырады, онда ұжымның инновациялық қызметі, көптілді оқыту идеясын практикалық іске асыру ұсынылады.

         Сарапшылар кеңесінің жұмысына Павлодар қаласы білім беру бөлімінің өкілдері, Павлодар облысының білім беруді дамыту инновациялық орталығы, С. Торайғыров атындағы ПМУ оқытушылары қатысады, Павлодар қаласы мен облыс аудандарының инновациялық жұмысы бойынша мектеп директорларының орынбасарлары қатысты.