ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Сардар» республикалық кешенді олимпиадасының қалалық кезеңі туралы
12-03-2019 16:27

2019 жылдың 15 наурызында сағат 11.00 - 17.00  аралығында Павлодар қаласы  білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен № 7 ЖОМ (Жеңіс алаңы, 13) негізінде 11 сынып оқушылары арасында «Сардар» республикалық кешенді олимпиадасының қалалық кезеңі өткізіледі. Олимпиада мақсаты - жоғары әскери оқу орындарында  оқу үшін, әскери қызметке қызығушылық танытқан дарынды балаларды қолдау және айқындау, сонымен қатар жас ұрпақты қазақстандық  патриотизм рухында тәрбиелеу.

Олимпиаданың қалалық кезеңіне қатысуға қаланың 17 жалпы орта білім беру мектептерінен 36 оқушы қатысады. 

Олимпиада екі кезеңде өткізіледі: теориялық - математика, физика, Қазақстан тарихы, алғашқы әскери дайындық (қазақ және орыс тілдерінде оқыту) бойынша тест тапсырмаларын орындау, практикалық - жеке саптық дайындық, АК-74 бұзу және жинау, тартылу.

Олимпиада нәтижесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II, III дәрежедегі дипломдармен марапатталады. I, II, III орынға ие болған қатысушылар олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысады.

Павлодар қаласының білім беру бөлімі