kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2776248
Бір айда224547
Бір аптада31326
Кеше1947
Тәулік852
Наурыз мерекесі қарсаңындағы кездесу
15-03-2019 09:19
Наурыз мерекесі қарсаңындағы кездесу

Павлодар қаласының білім беру бөлімі, білім беру қызметкерлерінің ардагерлер кеңесі қалалық кәсіподақ ұйымымен бірлесіп 2019 жылғы 14 наурызда № 26 жалпы білім беру мектебінде қалалық білім беру ұйымдарының бастапқы ардагерлер кеңесінің төрағаларымен кездесу өткізді.

Кездесуге қатысушылардың алдында Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңының жобасында баяндалған негізгі мәселелерді түсіндіру мақсатында қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Г. Ш. Шиндлярская сөз сөйледі.

Кездесу барысында № 26 мектептің ардагерлер ұйымы қоғамдық ұйымдар - шағын аудан кеңесімен, мектептің балалар-жасөспірімдер ұйымдарымен, жас педагогтар кеңесімен мәдени құндылықтар мен отбасылық дәстүрлерді насихаттау бойынша әкімшілік пен ардагерлер кеңесінің бірлескен жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Мектептің аға тәлімгері А. В. Виситаева шағын ауданның  қарт тұрғындарымен оқушылардың жүргізетін жұмысын таныстырды. Мектеп педагогтарының отбасылық әулеттерін мектеп мұғалімдері Ш. Т. Сачанова, Е. В. Козорез таныстырды. Мектептің еңбек ардагері, ағылшын тілі мұғалімі Л. Ф. Недовенченная ұстаздың жас маманмен «Жастарға-біздің жолымыз, ал тәлімгерлерге- әрдайым құрмет» атты бірлескен жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Барлық қатысушыларды мектеп оқушылары келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтады. «Қош келдің, Наурыз» атты концерттік бағдарламамен № 26 мектептің оқушылары мен мұғалімдері ардагерлерді құттықтады. Концертте қазақ, орыс тілдерінде әндер шырқалды. Балалар республикада бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан түрлі халықтардың билерін тамашалады. Кездесуге қатысқан ардагерлер педагогикалық ұжымның мектеп және шағын аудан ардагерлерімен жүйелі жұмысын жоғары бағалап, көңілдері мен қамқорлықтары үшін алғыстарын білдірді.