ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Болашақ Отан қорғаушылары
18-03-2019 11:15
Болашақ Отан қорғаушылары

Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың денсаулығын қамту орталығымен 2019 жылы 15 наурызда № 7 мектепте «Сардар» VI республикалық кешенді  олимпиадасының  қалалық кезеңі өткізілді. Олимпиада  мақсаты - жоғары әскери білі алуға, әскери қызметке қызығушылық  көрсеткен дарынды балаларды қолдау, жас ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу.

Олимпиаданың  қалалық  кезеңіне  қаланың 16 мектебінің 11 сыныбынан 32 оқушы қатысты. Олимпиада 2 кезеңде өтті: оқушылар математика, физика, Қазақстан тарихы, алғашқы әскери дайындық пәндері бойынша тестік тапсырмалар орындады (оқыту орыс және қазақ тілінде ) және алғашқы әскери дайындық, дене шынықтыру пәндері бойынша  нормативтер орындады (жекелей саптық дайындық, АК-74 автоматын бөлшектеу және жинау, кермеге тартылу).

Олимпиада қорытындысы бойынша  № 17, 20, 25, 41, Кенжекөл ЖОМ оқушылары алғашқы әскери дайындық, дене шынықтыру пәндері бойынша  нормативтер орындау және тестілеу бойынша жоғары нәтиже көрсетті.

І дәрежелі дипломмен № 20 ЖОМ оқушысы Назар Каныш марапатталды, ІІ дәрежелі  дипломмен - Хасен Алдияр (№ 25 ЖОМ), Кизыма Иван (№ 41 ЖОМ ), ІІІ дәрежелі дипломмен - Абдрахманов Айдар (№ 17 ЖОМ), Хасен Мейірман (№ 20 ЖОМ), Искаков Рахат (Кенжекөл ЖОМ). Жеңімпаздар мен жүлдегерлер наурызда «Сардар» VI республикалық кешенді олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысады.