ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Бастауыш сынып оқушыларының жобалау-зерттеу қызметі
18-03-2019 11:30
Бастауыш сынып оқушыларының жобалау-зерттеу қызметі

       Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті 2019 жылғы 14 наурыз күні № 7 ЖОМ базасында «Бастауыш сынып оқушыларының зерттеу іс-әрекетін ұйымдастыру» тақырыбында семинар өткізді. Бастауыш сынып оқушыларының жобалау-зерттеу іс-әрекетіне баулуды жүйелі түрде қарастыру семинардың басты мақсаты болып табылды. Семинарға қала мектептерінің 40 мұғалімі қатысты.

№ 21 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Ракишева Гайша Бақтыбаевна «Бастауыш сынып оқушыларының зерттеу іс-әрекетіне баулудың ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасап, қала мұғалімдеріне құнды ақпараттар берді. № 7 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Кадырбаева Гулжахан Раиимовна «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында бастауыш сынып оқушыларының жобалау-зерттеу әрекеті» тақырыбында баяндама оқып, іс-тәжірибесімен бөлісті. Қала мұғалімдеріне зерттеуді жоспарлау және эксперимент жүргізу барысын іс-жүзінде көрсетті. Білім беру бөлімінің әдіскері Қайырғазина Шолпан Шахановна бастауыш сынып оқушыларының зерттеу іс-әрекетін ұйымдастырудың кезеңдерімен және жұмысқа қойылатын негізгі талаптармен таныстырды. № 21 ЖОМ оқушылары Сапарова Даяна, Тлеулес Айша және № 7 ЖОМ оқушылары Кабдулинова Айдана, Садбекова Ғазиза, республикалық және облыстық «Зерде» ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлері өздерінің жұмыстарының тақырыптарымен, мақсат қоюымен, әр түрлі тәсілдемелермен және мазмұнда өзіндік ерекшеліктерімен таныстырды, ғылыми жобаны презентациялай алды.

Семинар материалдары қаламыздың  бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттеу жобаларындағы тәжірибелік қорын толықтыра түсті.