ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Киіз үйлер өз қолымен
18-03-2019 15:24
Киіз үйлер өз қолымен

       Қазақ ұлттық қолөнерінің, музыкалық аспаптардың, тұрмыстық заттардың, ою-өрнектердің тарихын білу, ұлттық шығармашылықты жаңғырту және дамыту, қазақ мәдениетінің дәстүрлерін көбейту мақсатында оқу жылының басынан бері қаланың жалпы білім беретін мектептерінде «Шаңырақ» жобасы жүзеге асырылуда.

         Қыркүйек-қазан айларында «Кең даланың символы - киіз үй» қалалық байқауының І кезеңі өтті. Осы кезеңде отбасылық кездесулер циклы, халық шеберлерімен, қазақ халық құралдарын дайындау шеберлерімен кездесулер, ұлттық шығармашылық шеберліктерінің мастер-класстары өткізілді.

Желтоқсан - наурыз айларында «Киіз үйге бірге келсек» атты II кезеңде мектеп киіз үйлер дайындаумен айналысты. Оған 24000 астам оқушы қатысты, көлемі 15 сантиметрден 2 метрге дейін 2072 киіз үй дайындалды.

Қалалық байқаудың қорытындысы бойынша 11 - 13 наурыз аралығында қаланың 14 мектебінің ең үздік макеттері іріктелді. Көрме - байқаудың критерийлеріне сәйкес ең көп балл жинаған № 33 ЖОМ оқушылары гран-приді иеленді. № 25 ЖОМ оқушылары I орын, II орын - № 43 ЖОМ оқушылары, III орын - № 19 ЖОМ және Кенжекөл ЖОМ.

Номинацияларда 10 мектеп атап өтілді - «Ең дұрыс жабдықталған киіз үй» (№ 1 ЖОМ), «Заманауи киіз үй» (№ 4, 18 ЖОМ),  «Ең әдемі «Шаңырақ» кітапшасы» № 5 ЖОМ), «Ең табиғи киіз үйі» (ағаштан жасалған материалдар пайдаланылды) - № 7 ЖОМ, «Көне құндылықты сақтаған киіз үй» (№ 13 ЖОМ), «Ұлттық нақыштағы киіз үй» (№ 17 ЖОМ), «Ең үлкен киіз үй» - № 28 ЖОМ, «Ең оригиналды киіз үй» - № 35 ЖОМ, «Экологиялық киіз үй» - № 36 ЖОМ.

№ 25, 33, 43 ЖОМ оқушыларының жұмыстары конкурстың облыстық кезеңіне жіберілді. Осы жобаның қорытындысы 22 наурыз күні Орталық алаңда Наурыз мейрамын мерекелеу күндері «Киіз үй-fest» көрмесі болады. Байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері өз киіз үйінің немесе киіз үй макетінің тұсаукесерін «Қонақты қарсы алу» салтын өткізу арқылы ұсынады.