ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Көптілділік бойынша үздік сабақ әзірлемелері
19-03-2019 17:44
Көптілділік бойынша үздік сабақ әзірлемелері

       Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2019 жылғы 18 наурызда № 7 ЖОМ-да «Көптілділік бойынша үздік сабақ әзірлеу» байқауын өткізді.  Конкурстың мақсаты - Үш тілді оқытуда жұмыс істейтін педагогтарды белсенді педагогикалық қызметке ынталандыру, инновациялық режимде жұмыс істейтін, кәсіби қоғамдастық ішінде табысты педагогикалық тәжірибе алмасуға және өз қызметінің нәтижелерін көрсетуге тырысатын педагогтарды қолдау, оқу үдерісінде инновациялық педагогикалық әдістемелерді тарату.

         Конкурсқа жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін ағылшын тілінде өткізетін 80-нен астам физика, химия, биология, информатика мұғалімдері, орыс тілінде оқытатын сыныптарда қазақ тілінде оқытатын Қазақстан тарихы пәні мұғалімдері қатысты. Қазылар алқасы құрамында көптілділікті жетекшілік ететін қала мектептері директорларының орынбасарлары мен қаланың жетекші педагогтары жұмыс істеді.

         Байқау қорытындысы бойынша 24 мұғалім жеңімпаз және жүлдегер атанды, оның ішінде І орынды 5 мұғалім, ІІ орынды 6 мұғалім, ІІІ орынды 5 мұғалім иеленді.

      І дәрежелі дипломды Н.Н.Черненко, № 29 ЖОМ физика мұғалімі, С.А. Имперова, № 24 ЖОМ мұғалімі, А.В. Выгузова, № 4 ЖОМ биология мұғалімі, Т.Д. Есенқұлова, № 4 ЖОМ информатика мұғалімі, Г.Б. Есмакаева, № 21 ЖОМ тарих мұғалімдері иеленді.

ІІ дәрежелі дипломға С.В. Прохоренко № 1 ЖОМ физика мұғалімі, С.С. Дюсенова № 34 ЖОМ химия мұғалімі, Л.З.Сыздыкова № 28 ЖОМ биология мұғалімі, А.В.Скляренко  № 29 ЖОМ информатика мұғалімі, М.Х.Тулкубекова, Т. Б.Толеубаева,  № 39 ЖОМ тарих мұғалімдері ие болды.

ІІІ дәрежелі дипломды А.К. Нуршанова № 18 ЖОМ физика мұғалімі, Н.Твардовская № 29 ЖОМ химия пәні мұғалімі, М.А. Джакипова № 35 ЖОМ биология пәні мұғалімі, А.С. Касымканова № 42 ЖОМ информатика пәні мұғалімі, Е.Т. Марзатаев № 20 лицей - мектебінің тарих мұғалімі пәндерінен алды.

«Үздік SMART» номинациясында қан құрамы мен функциялары. Қанның формалық элементтері. Плазма. № 26 ЖОМ биология пәні мұғалімі С. В. Хисамова және «Валенттілік. Химиялық формулалар» А. Р. Закирова, № 43 ЖОМ химия мұғалімдерінің әзірлемелері үздік атанды.

«Үздік CLIL-сабақ» номинациясында «Structure, function and hygiene of teeth» сабағының әзірлемесі, К. Т. Калиева, Г. Б. Бектемирова, № 37 ЖОМ биология пәні мұғалімдері, № 2 ЖОМ информатика пәні мұғалімі М. М. Шампатованың «Тармақталу алгоритмдерін бағдарламалау» сабағының әзірлемесі марапатталды.

«Үздік IT-сабақ» номинациясы бойынша № 16 ЖОМ биология мұғалімі Е. Л. Чайковскаяның «Адам қызметінің экожүйеге әсері» сабағының әзірлемесі және «Electrical work. Electric work. Electric power» Аментаева Г. К., № 37 ЖОМ физика мұғалімінің сабақ әзірлемесі марапатталды.

«Тілдік емес пәндерден ең ағылшын тілді» номинациясы бойынша № 42 ЖОМ биология мұғалімі У. К. Туктыбаеваның «Терморегуляция» сабағының әзірлемесі марапатталды.

«Жас ұрпақ» номинациясында «Ағзаның ішкі ортасы және гомеостазды қолдау үшін оның рөлі. Лимфа жүйесі» А. А. Чумаченко, № 11 ЖОМ биология мұғалімі.

«Сабақтың ең үздік контенті» номинациясы бойынша «Адам ағзасының қаңқасы бөлімі» сабағының әзірлемесі марапатталды, Сыздыкова Г. А., № 9 ЖОМ биология пәнінің мұғалімі.

Үздік жұмыстардың авторлары Павлодар қаласы білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен және грамоталарымен марапатталды. І, ІІ дәрежелі диплом иегерлері сәуір айында облыстық байқауға қатысады. Олардың жұмыстары қалалық конкурстың қорытындысы бойынша материалдар жинағында жарияланатын болады. Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің қысқа мерзімді жоспарлары Павлодар қаласы білім беру бөлімінің сайтында орналастырылады.