ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қалалық білім беру мекемелерінің Наурыз мейрамына қатысуы
26-03-2019 11:56
Қалалық білім беру мекемелерінің Наурыз мейрамына қатысуы

2019 жылдың 22 наурызында Орталық алаңда Наурыз мейрамы мерекесіне қаланың 40 білім беру мекемесі бауырсақтар байқауына қатысты. Бауырсақтар презентациясын ертегі кейіпкерлерінің және «Бауырсақ» қуыршағының қатысуымен театрландырылған түрде ұсынды. Өнімді таныстыру кезінде бауырсақтың әр түрлі түрлерін дайындау рецептерімен бөлісті, оларды дайындау ерекшеліктері туралы түсіндірді, бауырсақтарды орау дизайнын ұсынды.

Байқау қорытындысы бойынша марапаттау мерекенің басты сахнасында өтті. Байқаудың бас жүлдесін № 2 мектеп иеленді, I орын - № 24 ЖОМ, II орын - № 4 ЖОМ, III орын - № 26 ЖОМ. «Көрермендер көзайымы сыйлығы» номинациясында № 36 ЖОМ, «Ең ерекше бауырсақ» - № 29 ЖОМ, «Бауырсақ қаптамасының үздік дизайны» - № 120 сәбилер бақшасы марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер, номинанттар Павлодар қаласы әкімінің грамотасымен және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Байқау аяқталғаннан кейін қаланың білім беру мекемелері қала тұрғындарына 1500 кг астам бауырсақ таратты.

Мерекеде Павлодар қаласының білім беру мекемелерімен Орталық алаңда оқушылар дайындаған 2 киіз үйдің макеттері ұсынылды. «Шаңырақ» байқауының 64 қатысушыларының арасында «Үздік киіз үй» номинациясы бойынша I орынды № 25 ЖОМ оқушылары иеленді, «Ақ күмбезді киіз үй» номинациясы бойынша II орын № 43 ЖОМ оқушылары иеленді және облыстық білім басқармасының дипломдары мен бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Павлодар қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Үздік ұлттық киім» байқауына 54 қатысушыларының арасында «Үздік ұл бала костюмі», «Үздік қыз бала костюмі», «Үздік ерлер костюмі», «Үздік әйелдер костюмі» аталымдары бойынша қала мектептері қатысты. Байқау қорытындысы бойынша «Үздік ерлер костюмі» номинациясы бойынша № 2 ЖОМ мұғалімі Шарипов Еламан I орынды, № 25 ЖОМ мұғалімі Асылбаев Еркебұлан II орынды, Томаров Жарас II орынды иеленді.