ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерт
26-03-2019 12:00
Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерт

Павлодар қаласының Балалар музыка мектебінде Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерт өтті. Концертке оқушылар, ата-аналар, қала тұрғындары келді. Концерт залында мектеп оқушылары, педагогтардың орындауында ұлттық аспаптарда (домбра, қобыз, гитара, саксофон, фортепиано) музыка шырқалды.

«Серпін» фольклорлық ансамблінің орындауында Е.Үсеновтің «Кербез сұлу», Құрманғазының «Жима» шығармалары орындалды. Орта буын сыныптары А. Ермоловтың «Весёлая песенка» туындысын көңілді орындады. Саксофоншылар, қобызшылар, домбырашылар ансамблі, скрипкалы дуэт музыкалық аспаптың әсемдігімен және әуенділігімен көрермендердің жүрегін жаулады.

Жунусова Аделия, Айдын Ерболатович Карменов, Александр Александрович Андрющенконың орындауында Бенжамин Левиннің әні мен сөзіне жазылған «Perfect» шығармасы шырқалып, мектеп педагогтары мен оқушылар ансамблі А. Хачатурянның «Танец с саблями» биін жұрт назарына ұсынды. Вокалдық ансамбль В. Осошниктің «Хорошее настроение» әнін орындап, концерттің шырайын келтірді. Мерекелік концертті облыстық, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты, жоғары сынып хоры аяқтады.

Талантты, әрі жас музыканттардың өнері, әдемі костюмдері көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлап, көңілді өтті.