ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республикалық пән олимпиадасының құрмет грамотасы
26-03-2019 14:28
Республикалық пән олимпиадасының құрмет грамотасы

Ақтөбе қаласында 2019 жылдың 15 - 20 наурыз аралығында жаратылыстану-математикалық бағытының  пәндері бойынша оқушылардың  республикалық олимпиадасында Павлодар облысының беделін олимпиаданың  облыстық кезеңінің жеңімпаздары,мамандандырылған және облыстың жалпы білім беру мектептерінің 43 оқушысы қорғады.Облыстың құрама командасында Павлодар қаласының 3 оқушысы  - география бойынша, № 1 ЖОМ 9 сынып оқушысы Закиров Омар, № 29 ЖОМ 10 сынып оқушысы Даниярбеков Дархан, және химия бойынша № 39 ЖОМ 10 сынып оқушысы Илияс Сұлтан.

Олимпиада қорытындысы бойынша облыстың мамандандырылған мектебінен 4 оқушы ішінде  Қазақстан Республикасының ғылым және білім Министрлігінің «Дарын» Республикалық  ғылыми-практикалық орталығының Құрмет грамотасымен № 39 ЖОМ 10 сынып оқушысы Илияс Сұлтан  марапатталды.

Ол облыстық олимпиада,спорттық жарыстар және А. Бектуров атындағы химия бойынша  халықаралық олимпиада жеңімпазы.

Қызылорда қаласында 23 - 30 наурызда қоғамдық-гуманитарлық бағытта  республикалық  олимпиада да облыстық құрама командасында  Павлодар қаласының № 16, 36, 39, 42  мектептерінен 6 оқушы.