ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Туристік көпсайыс бойынша үздік юниорлар
26-03-2019 14:35
Туристік көпсайыс бойынша үздік юниорлар

2019 жылғы 21 - 24 наурыздағы Туристік көпсайыс бойынша республикалық чемпионатқа Павлодар қаласын қалалық білім беру бөлімінің экология және туризм балалар-жасөспірімдер орталығының 15 тәрбиеленушісі құрамындағы құрама командасы қатысты.  

      Жарыс нәтижелері бойынша орталық тәрбиеленушілері жаңа жеңістермен және жақсы жетістіктермен оралды.

    Қаланың құрама командасы 15 - 18 жастағы юниорлар арасындағы жалпыкомандалық сынақта І орынды, сондай-ақ 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында жалпыкомандалық сынақта ІІ орынды иеленді. «Жеке командалық», «Командалық», «Техникалық» қашықтықта - І орын, «Құтқару жұмыстары» қашықтығында - ІІ орын. «Техникалық» қашықтығы іріктеу қашықтығы болды, ол бойынша команданың А класындағы айтарлықтай күрделі қашықтық бойынша немесе Б класындағы жеңілдетілген қашықтық бойынша өнер көрсететіні және жарысатыны анықталды.

     «Жеке» қашықтықтағы жеке сынақта І орынды № 42 мектеп оқушысы Атлан Елена, ІІІ орынды №1 мектеп оқушысы Лопатина Нина, № 28 мектеп оқушысы Продан Анастасия, № 42 мектеп оқушысы Дерендяев Богдан иеленді.  

  Чемпионат Нұр-Султан қаласында өтті. Қатысушылар «Техникалық», «Жеке», «Командалық», «Құтқару жұмыстары» 4 қашықтығында 3 жас санатында жарысты: 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер, 15 - 18 жастағы юниорлар мен ересектер - 18 жастан жоғары. «Павлодар» құрама командасы Экология және туризмнің балалар-жасөспірімдер орталығының «Пирамида», «Вершина» және «Усольский меридиан» балалар аула клубтарының тәрбиеленушілерінен тұрды, жетекшілері Ридзаускене Ирина Валерьевна, Ридзаускас Владислав Юрьевич, Агалаков Сергей Николаевич.