ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ресейдегі халықаралық сайыстың дипломанттары
27-03-2019 11:21
Ресейдегі халықаралық сайыстың дипломанттары

Павлодар қаласы Балалар көркемсурет мектебінің оқушылары Ресейдің Брянск қаласында өткен «Сенің рухани құндылықтарың» атты балалар бейнелеу өнерінен тоғызыншы халықаралық байқауда дипломант атағына ие болды. Бұл «Благословляю вас, леса...» жер шарының экологиясына арналды байқау еді.

Бездетко Саша, Вероника Супрун, Настя Луценко, София Беген, Аяулым Айтпаева, Азиза Иманқұлова, Аурика Бакалу, Матвей Чайковский атты сегіз оқушы арнайы дипломдармен марапатталды. 12 жастағы Арина Никотина II деңгейдегі лауреаты атанды, жетекшісі Тамара Евстахиевна Ровенная. Алина Бусарова мен Ясмин Садвақасова қорытынды көрме қатысушысы деген дипломға ие болды. Дипломанттар өз жұмыстарында туған өлкеміздің әдемі көрінісін,онда ұя салған құстардың сұлулығын бейнелей білді. Ал мектебіміздің тәжірибелі тәлімгерлері Сәуле Бейбітханқызы Пернебаева, Анжела Николаевна Бамбуляк және Наталья Васильевна Герусова, Лариса Борисовна Илларионова осы оқушыларымыздың жетекшісі болып табылды. «Дәл біздің балаларымыз - XXI ғасырдың балалары, осы бүгінгі және болашақ ұрпақтың ұжымдық сана сезіміне ықпал ете отырып, жер де орманның, құстардың, аңдардың, таза су мен ауаның тіршілік ете алатынын шеше алады», - деп мектеп директорының оқу ісінің орынбасары Инна Владиславовна Масленникова айтты.

       Байқауға Ресей, Әзірбайжан, Белоруссия, Қазақстан, Болгария, Молдова, Луганск Халық Республикасы, Польша, Өзбекістан, Сербия, Украина сияқты елдердің балалары ат салысты.