ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
27-03-2019 15:55
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті 2019 жылғы 27 наурызда № 16 ЖОМ-да «ОЖСБ және TIMSS халықаралық зерттеулеріне дайындық шеңберінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» семинар-практикум өткізді. Семинардың мақсаты - ОЖСБ-ға, TIMSS халықаралық зерттеулеріне дайындық сапасын арттыру, тәжірибе алмасу үшін жағдай жасау және оқушыларды оқытуда мұғалімнің жұмыс жүйесін жасау. Семинарға қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 530 мұғалімі қатысты.

Семинардың пленарлық бөлімінде білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Сәуле Шаимқызы Слямова, жалпы орта білім беру секторының меңгерушісі, Қуаныш Төлегенұлы Қыдыралин қатысушыларды ОЖСБ өткізу ережесімен, ОЖСБ-ға және TIMSS халықаралық зерттеулеріне дайындық аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру, мектеп оқушыларының байқау тестілеу мониторингінің қорытындыларымен таныстырды. Қатысушылар 19 секция бойынша (физика-математикалық, қоғамдық, гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми, бастауыш білім беру) жұмысты жалғастырды. Одан кейін дөңгелек үстелде оқушыларды дайындау кезінде туындайтын проблемалық мәселелер талқыланды, оқушылардың функционалдық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын арттыру бойынша одан әрі жұмыстар бойынша тапсырмалар әзірленді. Семинар материалдары мен оқу құралдары ОЖСБ және TIMSS дайындық кезінде қолдану үшін қалалық мектептерге жіберілді.