ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылардың көктемгі демалыста бос уақыттарының қамтылуы
28-03-2019 10:29
Оқушылардың көктемгі демалыста бос уақыттарының қамтылуы

Көктемгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында 2019 жылғы 21 наурыз - 2 сәуір аралығында қаланың білім беру мекемелерінде сыныптан тыс іс-шаралар жоспарлы түрде өткізіледі,үйірмелер мен спорттық, пәндік секциялар жұмысы ұйымдастырылды, спорттық эстафеталар, викториналар, конкурстар жоспарланды. Мектеп оқушылары мұражайларға, кинотеатрларға, көрмелерге барады, Наурыз мейрамы мерекесінде мектептерде, орталық алаңда жаппай іс-шараларға белсенді қатысты. Іс-шараларға қатысу кезінде оқушылармен қауіпсіздік техникасы, жол жүру ережелері, су қоймаларындағы жүріс-тұрыс, өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық жүргізіледі. Көктемгі демалыс кезінде барлығы 30 мыңнан астам оқушы қызығушылықтары бойынша жұмыспен қамтылды.

Демалыс күндері оқушылар облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысады. Павлодар қаласы білім беру бөлімінің балалар техникалық мектебінде 3D модельдеу элементтерін пайдалана отырып сәндік-қолданбалы шығармашылық жұмыстарының көрме-панорамасының ашылуында 120-дан астам оқушы болды, көрме 28 наурызға дейін жалғасады.

21 - 24 наурыз күндері Нұр-сұлтан қаласында өткен туристік көпсайыстан республикалық чемпионатта қалалық білім бөлімінің экология және туризм Балалар-жасөспірімдер орталығының «СЮТур» балалар-аула клубының 15 тәрбиеленушісі жасөспірімдер арасында жалпы командалық І орынды, жасөспірімдер арасындағы жарыста кіші қатысушылар жалпы командалық ІІ орынды иеленді.

22 - 26 наурыз аралығында Мәскеу қаласында балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының «Елорда жұлдыздары» XVI халықаралық фестиваль-конкурсында Павлодар қаласының 26 музыка мектебінің оқушылары гран-при, I, II, III орынға ие болды.

22 - 29 наурыз аралығында Татарстан Республикасының Қазан қаласында өткен «Восточная сказка» халықаралық фестиваль-байқауында   № 25 мектептің би ансамблі қатысуда.

2019 жылы 23 - 24 наурызда Тараз қаласында өткен Eurasia Cup WADF, Championship NDC, WDС, РСРТСК, «Tаraz OPEN - 2019» спорттық биінен Қазақстан чемпионатының шеңберінде Еуразия Кубогында, спорттық бал билері бойынша Дүниежүзілік фестивальде «Жігер» балалар жасөспірімдер клубының 10 тәрбиеленушісі жүлделі орындарға ие болды.

Қазақстанның киелі жерлеріне бару дәстүрге айналды. Түркістан қаласының ежелгі астанасы Түркістан қаласына 24 наурыз бен 2 сәуір аралығында Павлодар қаласының № 12, 17, 19, 22, 29, 34 мектептерінен 70 оқушы аттанды. № 39 ЖОМ 10 оқушысы танысу экскурсиясымен Санкт-Петербург қаласына, № 17 мектептен 16 бала Бурабай қаласының курорттық аймағында орналасқан «Дискавери» лагеріне, Алматы қаласына № 29 мектептен 23 оқушы демалуға барды.