ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
3D модельдеу элементтерін пайдалана отырып сәндік-қолданбалы шығармашылық жұмыстарының көрме-панорамасы
28-03-2019 11:02
3D модельдеу элементтерін пайдалана отырып сәндік-қолданбалы шығармашылық жұмыстарының көрме-панорамасы

Павлодар қаласының балалар техникалық мектебі 2019 жылы 20 наурызда 3D модельдеу элементтерін қолдана отырып сәндік-қолданбалы шығармашылық жұмыстарының көрме-панорамасын өткізді. Мақсаты - сәндік-қолданбалы шығармашылық үйірмелерінің шығармашылық жұмыстарында 3D үлгілеудің заманауи технологиялары элементтерін қолдану.

Бірнеше ай бойы техникалық мектептің тәрбиеленушілері көшпелі өмір салтының салт-дәстүрлерімен, әдет-ғұрыптарымен, көркем өнерімен, көркем өнеркәсібімен, кәсіби суретшілер мен халық шеберлерінің қызметімен танысты, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен мәдениетіне баулыды, өздерінің шығармашылық жобаларымен жұмыс істеді. Өз жұмыстарында олар ұлттық қолданбалы шығармашылық элементтері бар 3 D принтерде басылған модельдерді декорациялады. Бұл көрме техникалық және сәндік-қолданбалы бағыттағы шығармашылық тандемнің қорытындысы.

         Көрмеге 3D принтерде жасалған «Ою», «Тюльпан», «На страже родной земли», «Домбыра», «Пиала», «Торсық», «Дөңгелек үстел», «Асық», «Қобыз», «Алтыбақан», «Киіз үй» картиналары қойылды. Бұл көрмеге 100 адам қатысты. Балалар өз нәтижелеріне риза болды, ең бастысы оларға өте ұнады.