ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстық «Сардар» олимпиадасының қорытындысы
28-03-2019 16:37
Облыстық «Сардар» олимпиадасының қорытындысы

«Сардар» VI республикалық кешенді олимпиадасының облыстық кезеңіне облыстың жалпы орта білім беру мектептерінен және мамандандырылған мектептерден 11 сыныптың 18 оқушысы, аудан және қалалық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері, соның ішінде Павлодар қаласы мектептерінен 5 оқушы қатысты.

Олимпиада қорытындылары бойынша 4 оқушы жүлдегер атанды. ІІІ дәрежелі дипломмен Назар Қаныш (№ 20 лицей-мектебі), Хасен Алдияр (№ 25 ЖОМ), Кизыма Иван (№ 41 ЖОМ), Искаков Рахат (Кенжекөл ЖОМ). Теориялық кезеңде жоғары нәтиже көрсеткені үшін «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығынан Алғыс хат Кенжекөл ЖОМ оқушысы Искаков Рахатқа, № 41 ЖОМ оқушысы Кизыма Иванға берілді.

Облыстық олимпиада 2019 жылғы 27 наурызда мамандандырылған әскери мектеп-интернатта өтті. Мақсаты - жоғары әскери білім алуға, әскери қызметке қызығушылық  танытанын дарынды балаларды қолдау, жас ұрпақты қазақстандық отаншылдық рухында тәрбиелеу. Олимпиада 2 кезеңде өтті: оқушылар математика, физика, Қазақстан тарихы, алғашқы әскери дайындық пәндері бойынша тестілік тапсырмаларды орындады (оқыту орыс және қазақ тілінде) және алғашқы әскери дайындық,дене шынықтыру пәндері бойынша  нормативтер орындады (жекелей саптық дайындық, АК-74 автоматын бөлшектеу және жинау, кермеге тартылу).