ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектепке дейінгі мекемелердің басшыларымен кеңес
29-03-2019 10:57
Мектепке дейінгі мекемелердің басшыларымен кеңес

2019 жылғы 28 наурызда Павлодар қаласының мектепке дейінгі мекемелерінің басшыларымен өткізілген кеңесте «Қала балабақшаларында балаларды сауықтыру үшін жағдай жасау туралы», «Қала балабақшаларында инновациялық үдерісті сүйемелдеу бойынша әдістемелік қызметтер қызметінің тиімділігі туралы», «Мектепке дейінгі ұйымдардың веб-беттерін ұстау туралы», «Қаланың мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың білім беру стандартын іске асыру туралы» (Аралық бақылау қорытындысы) жүргізілген мониторинг нәтижелері қаралды.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы С. О. Айтқазина санитарлық ережелерге сәйкес тамақтануды ұйымдастыруды, санитарлық-гигиеналық жағдайларды қамтамасыз ету қажеттілігіне ерекше назар аударды. Сонымен қатар, мектепалды даярлықты сапалы ұйымдастыру үшін педагогтардың біліктілігін үздіксіз арттыру жүйесі, олардың теориялық және әдістемелік құзыреттілігі маңызды рөл атқарады. Мектепке дейінгі мекемелердің басшыларына балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларды күшейту, қызылшаның алдын алу бойынша іс-шараларды өткізу, автоматтандырылған бағдарлама арқылы балаларды жинақтау, аумақты санитарлық тазалау, сенбілікті өткізуге дайындық, Павлодар облысы бойынша БСБД кәсіптік бақылау нәтижелерін бақылауға алу туралы тапсырмалар берілді.