ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Жігер» балалар-жасөспірімдер клубы тәрбиеленушілерінің жетістіктері
29-03-2019 11:23
«Жігер» балалар-жасөспірімдер клубы тәрбиеленушілерінің жетістіктері

 V Халықаралық спорттық-бал биі бойынша фестиваль Еуразия кубогі EURASIA CUP WADF, CHAMPIONSHIP NDC, WDС, РСРТСК «Taraz Open 2019» атты Қазақстан Республикасының Ұлттық би Кеңесінің негізін қалаушы және басшысы Игорь Кимнің мерейтойына арналған Қазақстанның спорттық-бал биі бойынша чемпионаты өтті. Жарысқа Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар мен жасөспірімдер клубынан  10 тәрбиеленуші қатысты.   

Чемпионат қорытындысы бойынша «Жігер» клубының «Дос»  бөлімшесінің тәрбиеленушілері  5 санат бойынша қатысып, 20 жүлделі орын иеленді, оның ішінде I орынға 7 тәрбиеленуші, ІІ орын - 8, ІІІ орын - 5.

 «Ювеналы 1» Н 2 классында (соло) 8 - 9 жастағы қатысушылар арасында, ІІ орынды Мылтықбай Даяна, ІІІ орын (Н классында 3) - Мылтықбай Даяна.

 «Ювеналы 2» Н 3 классындағы қатысушылар арасында 10 - 11 жастағы ІІ орын және ІІІ орын (Н 4 классында) қатысып, жұптық биде Никита Яковлев және Куклина Карина.

I орынды «Юниоры 2» 14 - 15 жастағы қатысушылар арасында  қатысып, жұптық биде Ковалев Артем және Поляк Софья иеленді .

I орынды «Юниоры 1+2»  Е классында 12 - 15 жастағы, қатысушылардың арасында, жұптық биде Дорошенко Иван және Тренина Бэла, ІІ орынды - Тазмуратов Айтуған және Бойцым Юлия, II орынды D классында - Тазмуратов Айтуған және Бойцым Юлия, ІІІ орынды - Дорошенко Иван және Тренина Бэла иеленді,.

I орынды «Юниоры 2» санатында  14 - 15 жастағы қатысушылар арасында, жұптық биде Ковалев Артем және Поляк Софья иеленді.

I орынды «Юниоры 2» (соло) 14 - 15 жастағылар арасында Иванова Елена, ІІ орынды - Тренина Бэла иеленді.

Спорттық-бал билерін уйрететін «Жігер» клубының қосымша білім беру педагогі Шевчук Павел Павлович.

Фестиваль 2019 жылғы 23 - 24 наурызда Тараз қаласындағы «Тараз-арена» спорт сарайында өтті,  байқау бағдарламасы санаттарға, жастары мен би деңгейі бойынша бөліп ұйымдастырылды. Жарысқа, Әзірбайжан, Ресей, Белоруссия, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан мемлекеттерінен барлығы 937 жұп қатысты. Фестивальді Дүниежүзілік билер кеңесі, Халықаралық әртістік би Федерациясы, Қазақстанның Ұлттық билер Кеңесі Ұлттық би спортын дамыту одағы, Жамбыл облысы Би спорты Федерациясы ұйымдастырды.