ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында алғашқы әскери даярлықты оқыту
01-04-2019 09:56
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында  алғашқы әскери даярлықты оқыту

Сабақты тиімді жоспарлау мақсатында Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2019 жылы 27 наурызда № 34 ЖОМ жалпы білім беру мектептерінің алғашқы әскери дайындық мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өткізді.

Семинарда Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі С. Ш. Слямова «Алғашқы әскери және технологиялық дайындықтағы білім беру мазмұнын жаңарту» тақырыбында баяндама жасады. Білім берудің жаңартылған мазмұны аясында Павлодар қаласының педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренері Б. Д. Нығметова, Назарбаев Зияткерлік мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Ф. Ж. Айыпбаев пәнді оқыту бойынша оқу-жаттығу сабақтарын өткізді, жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Семинарға қатысушылар сабақ өткізудің қысқа мерзімді жоспарын әзірлеп, таныстырды. Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері К. С. Раисов ҚССЛ бағдарламасымен (қорғаныс-спорттық сауықтыру лагері) таныстырды. Семинар қорытындысы бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді.