ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мектептері оқушыларының олимпиадалық жемісі
01-04-2019 10:01
Қала мектептері оқушыларының олимпиадалық жемісі

2019 жылы 23 - 30 наурыз аралығынд Қызылорда қаласында қоғамдық гуманитарлық бағыт пәндері бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңінде Павлодар облысының беделін облыстық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері  36  оқушы қорғады. Облыстың құрама командасына Павлодар қаласының № 16, 36, 39, 42 мектептерінен 6 оқушы қатысты.

Облыс оқушыларының  құрама жинағына 8 алтын, 6 күміс, және 12 қола медель енді, сонымен қатар Павлодар қаласының  4 оқушысы  2 алтын, 2 қола медаль енгізді.

Алтын медаль, I дәрежелі диплом, № 16 лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы  Мельник София және орыс тілі және әдебиеті  бойынша «Абсолюттік жеңімпаз» номинациясы, құқық негіздері бойынша № 42 ЖОМ 11 сынып оқушысы Флюг Елена. София 2018, 2019 жылдардағы тілдік облыстық  олимпиадалық  және  ғылыми жобалар  республикалық  байқауының екі мәрте жеңімпазы, Елена жылсайынғы пән олимпиадаларының  жеңімпазы мен қатысушысы.

Орыс тілі және әдебиеті бойынша № 36 ЖОМ 11 сынып оқушысы  Ковальчук Александр, неміс тілі бойынша № 39 ЖОМ 11 сынып оқушысы  Теміржанов Фарид  III  дәрежелі диплом мен қола медаль алды. Мектеп оқушылары бірнеше рет  республикалық деңгейде өз нәтижелерін растады және облыстық, халықаралық олимпиадаларының  жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

Олимпиада медалистерінің нәтиже жетістігіне олардың пән бойынша ұстаздарының ролі  зор № 16  лицей-мектебі  Казкенова Гүлнар Еркінқызы, № 36 ЖОМ Петрица Надежда Геннадьевна, № 39 ЖОМ Мокроусова Танзиля Рафкатовна, № 42 ЖОМ Купесова Айымгүл Билгибаевна.