«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» Республикалық педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңіне 107 жас педагог қатысты, оның ішінде 37 жалпы білім беретін мектептердің, 6 мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің педагогтары.
Олимпиада қорытындысы бойынша жалпы білім беретін мектептердің 11 мұғалімі, қала бала бақшасының тәрбиешісі, олимпиаданың қалалық кезеңіне қатысушылар жүлделі орындарға ие болды. Конкурстың қорытындысы 4 бағыт бойынша шығарылды.
Психологиялық-педагогикалық ғылымдар бойынша I орынды Матай Қымбат Галямовна, Павлодар қаласының № 40 ЖОМ дефектолог маманы, Жұмабай Гүлхан Оразбайқызы, № 120 балабақша тәрбиешісі, II орын -Хаербаев Ардақ Талғатұлы, № 24 ЖОМ дене шынықтыру мұғалімі, Умаров Олжас Алпамысович, № 29 ЖОМ музыка мұғалімі, III орын - № 40 ЖОМ логопеді Асылбек Жанбота иеленді.
Гуманитарлық ғылымдар бойынша I орынды № 16 лицей-мектебінің тарих пәні мұғалімі Серикбаев Әсет Бақытжанұлы, II орынды № 7 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Зияда Мөлдір Қуандыққызы, № 16 лицей - мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сагитова Сания, III орынды № 9 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Бородина Анастасия Сергеевна иеленді.
Жаратылыстану-математика ғылымдары бойынша I орынды Павлодар қаласының № 40 ЖОМ математика мұғалімі Бастенова Алина Бейбітқызы иеленді. Лингвистикалық ғылымдар бойынша II орынды № 22 ЖОМ ағылшын тілі мұғалімі Мирамгүл Баймұратқызы Ботабаева, III орынды Павлодар қаласы Кенжекөл ЖОМ қазақ тілі мұғалімі Рахатжан Ахгүл иеленді.
Облыстық кезеңнің жеңімпаздары Тараз қаласында өтетін республикалық олимпиадада облыс намысын қорғайды. Олимпиада 2019 жылы 29 наурызда дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатында өтті. Олимпиаданың ұйымдастырушылары Облыстық білім басқармасы, білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың Инновациялық орталығы болып табылады.


