ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«Қанатты достар» акциясы туралы
01-04-2019 16:55

2019 жылғы 5 сәуірде сағат 14.00-де Павлодар қаласы Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы «Қазақстан алюминий» АҚ бірлесіп 5 наурыз бен 5 сәуір аралығында Павлодар қаласында өткен «Қанатты достар» акциясының қорытындысы шығарылады.

«Қанатты достар» қалалық акциясы Дүниежүзілік Құстар күніне арналды.Акцияның мақсаты-оқушыларды құстарды қорғау бойынша табиғатты қорғау қызметіне қатыстыру; қалаға пайдалы құстарды шақырту; облыс көлемінде құстар әртүрлілігінің тіршілігіне қауіп төндіретін іс-әрекетті алдын алу болып табылады.Акция қорытындысы бойынша I, II, III орын алған жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен және сыйлықтармен марапатталады.

Акцияға қаланың жалпы білім беретін мектептері қатысады.

Акция аясында түрлі іс-шаралар өткізу ұсынылды.

Жасанды Ұяларды жасау және ілу.

Республиканың сирек кездесетін құстары және олардың маңызы туралы әңгімелер, дөңгелек үстелдер өткізу, рефераттар дайындау.

Арнайы қабырға газеттерін, плакаттар мен фотоальбомдарды шығару. Көрмелер, қолөнер және суреттер конкурстарын ұйымдастыру. Музыкалықмерекелер, КВН өткізу.

 

Павлодар қаласының білім беру бөлімі