ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Бейнелеу өнері және технология педагогтарына арналған практикум
02-04-2019 09:49
Бейнелеу өнері және технология педагогтарына арналған практикум

2019 жылдың 26 наурыз күні Павлодар қаласы білім беру бөлімі Балалар көркемсурет мектебінде «Сәндік қолданбалы өнер техникасы мен тәсілдері» атты семинар-жаттықтыру сабағын өткізді. Семинардың мақсаты - мұғалімдердің сабақтарда қағазбен жұмыс жасаудың түрлі тәсілдерін, сондай-ақ қағаз пластикадағы жаңа техниканы қолдана білудегі тәжірибесімен алмасу. Бұған қалалық жалпы білім беретін мектептерінің бейнелеу өнерімен еңбек теxнологиясының ұстаздары қатысты.

Семинарда тәжірибелі ұстаз Сәуле Бейбтханқызы Пернебаева «Түрлі түсті қағаз және картонмен жұмыс жасау мүмкіндіктері» тақырыбына практикалық сабақтар өткізді. Ең үздік балалар жұмыстары  үлгісінде   Сәуле Бейбітханқызы сәндік ашық хаттарды жасағанда қолданатын әртүрлі техникаларды, тәсілдерді көрсетті.

Жас, бірақ тәжірибелі мектеп оқытушысы Жанар Ержанқызы Шайкенова көлем иллюзиясын  көрсететін қағазды пластика сұлба тәсіл көмегімен жәндіктердің үлгісін қалай әзірлеуге болатыны туралы айтып берді. Сонымен қатар ол, әртүрлі фактураларды дайындау кезінде ақ қағазбен жұмыс жасағанда оларды оюлар, кесіктер  жасау техникалық тәсілдерді көрсетті.