ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас музыканттардың көктемгі каникулы
03-04-2019 12:00
Жас музыканттардың көктемгі каникулы

Көктемгі каникул күндері Павлодар қаласының Балалар музыка мектебінің оқушылары облыстық, халықаралық конкурстарға қатысты. Мақсаты - музыкалық, би, аспаптық және театрлық шығармашылықтарын дамыту және қолдау, жақын шетелдермен мәдени байланысты нығайту. Мектептің фортопиано, жеке және ансамбльде ән айту, шекті, ұрмалы-үрлемелі аспаптар, орыс және қазақ халқының аспаптары бөлімдерінің оқушылары лайықты өнер көрсетті және 27 жүлделі орынды иеленді.

Павлодар қаласының К. Әбусеитов атындағы мәдени-бос уақытты ұйымдастыру орталығында балалардың «Dionis» балалар, жасөспірімдер және ересектер шығармашылығының І халықаралық фестиваль-конкурсына қатысуы ұмытылмас әсер қалдырды.

Конкурстың гран-приі жеке орындаушы Казангап Самира, Аубакирова Аяулым, Имангулов Аргын, Жанабаева Адия, Садвокасова Асель, Сулейменов Абулхаир, Черных Георгий, Борисов Артем, Каирбек Маржан, вокальдық ансамбль, скрипкашылар ансамблі, домбырашылар триосы иеленді. I орынды жеке орындаушы Жанатбек Зарина, Казамбаев Аскар, Бекімұрат Әділ, Усина Дәния, Шаталова Лада, Богатыренко Милана, Алиясова Сафина, вокальлық трио, II орынды - жеке орындаушы  Аблай Гулдана, Мухаметжанов Дамир, Кумызбек Мадина алды.

Мектеп оқушылары Нұр-Сұлтан қаласындағы 2 халықаралық конкурс-фестивалінен лайықты жеңіспен оралды.

«Звезды мира» ІІ халықаралық конкурс-фестивалінің нәтижелері бойынша Жунусова Аделя «Эстрадалық вокал» номинациясында І дәрежелі лауреат атанды. Ол Эд Ширан, Уилл Хикс, Бенжамин Левиннің әні мен музыкасына жазылған «Perfect» туындысын орындады (педагогы Ксения Владимировна Миронец).

«ART PREMIUM» IV халықаралық конкурс-фестивалінде «Инструменталды жанр: фортепиано» номинациясында Голубев Михаил ІІ орынды иеленді. Оның орындауында И. Гайднның «Дивертисмент» туындысы шырқалды (педагогы Елена Александровна Попова).

2019 жылғы наурыздың 30-да музыкалық колледжде музыка мектептерінің оқушыларына арналған музыкалық-теориялық пәндер бойынша облыстық конкурс өтті. Конкурстың гран-приін «Мое любимое произведение, как воплощение образа нечести в русской музыке второй половины 19 начало 20 века» презентациясы үшін музыкалық әдебиет бойынша Есимова Жайна (педагогы Наталья Владимировна Землякова), I орынды Халимон Карина 19 - 20 ғасырлардағы орыс музыкалық әдебиет бойынша викторинасы үшін иеленді (педагогы Ирина Владимировна Валеева).