ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектепке дейінгі гимназияның коммуникативтік-сөйлеу бағытындағы моделі туралы
04-04-2019 16:50

2018 жылғы 9 сәуірде сағат 9.00 - 12.00 Павлодар қаласының № 6 сәбилер бақшасында (Сатпаев, 241) Павлодар қаласы білім беру бөлімінің сараптамалық комиссиясының кезекті отырысы өтеді. № 6 сәбилер бақшасы отырысында эксперименталды алаң ретінде мектепке дейінгі гимназияның коммуникативтік-сөйлеу бағытындағы моделін бірнеше блоктарда ұсынады.

 «Kids Fit» сауықтыру-дене шынықтыру блогында заманауи құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, «Пилатес», «Йога» жұмсақ фитнес, «STEP» аэробика, «ZUMBA» спорттық би қозғалысында жаңа бағыттарды ұсынады.

«Алғырлар мен тапқырлар» арт-терапиясын қолдану арқылы психологиялық блокта балалармен ерте дарындылықты анықтау бойынша жеке жұмыс көрсетіледі.

«Шабыт» блогында гимнастиканың, акробатиканың бастапқы кезеңінде-джаз би элементтерімен қоса балет станогының жұмысы ұсынылады.

«Самғау» блогында вокал-терапияда дауыс күші, ән шығармасының орындалу тәсілі мен сипаты және музыкалық талғамның дамуы бойынша.

    «Сиқырлы ұлттық құралдар» блогында оқу-білім беру қызметінде көркемдік-эстетикалық талғамды тәрбиелеуде атрибуттарды қолдану көрсетіледі. 

    Үш тілді қолдану арқылы театрализация блогында балалар «Баян батыр» аңызын, «Жұлдыздар» ертегісін, «Жыл басына таласқан хайуанаттар» спектаклін ұлттық аспаптармен таныстырады.

«Авторлық идея» блогында балабақша педагогтары еңбек шаруашылық қызметінің құралдары мен жабдықтары туралы бірегей авторлық идеяларды ұсынады, мектепке дейінгі жастағы балаларды дамыту мен оқытудың педагогикалық тәсілдері «Ұршық», «Диірмен», «Тұмарша», «Ақтау», «Тақия», «Белбеу», «Асық», «Білізік пен сақина», «Піспе шелек», сондай-ақ ұлттық құндылықтар болады.

«Оюлар үні» бөлімі қазақ ұлттық ою-өрнегінің ертегілер, әңгімелер, мақал-мәтелдер, математика құпияларын танудағы барлық мүмкіндіктерін ашады. Осының барлығы 33 текеметте (ұлттық кілемдер) қойылады.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің сараптау комиссиясы қорытындысы бойынша мектепке дейінгі гимназияның коммуникативтік-сөйлеу бағытындағы моделі ретінде сәбилер бақшасының одан әрі жұмысы туралы баға береді.

Павлодар қаласының білім беру бөлімі