ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Көрші»облыстық жобасын іске асыруға қатысу туралы
04-04-2019 16:51

2019 жылы 11 сәуірде сағат 12.00 - 15.00 Павлодар қаласында «Көрші» облыстық жобасын өткізу жоспарлануда. Жобаның мақсаты - «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға тұрғындарды тарту. Қатысушылар саны: аула тұрғындары арасынан 40 000 адам, үй шаруасындағы әйелдер, зейнеткерлер, балалар, көршілер.

«Нұр-Отан» ПОФ және жобалық кеңсені бекіту бойынша Павлодар қаласының облыстық білім беру мекемелері аулаларға (аула клубтары, қосымша білім беру мекемелері, спорт клубтары) 2000 адамды қамту көзделіп отыр.Әзірленген бағдарламаға сәйкес білім беру мекемелері аулаларда іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр.

Балалар жасөспірімдер клубтарында:

«Азат», «Сауран» (Қамзин көшесі, 4) - «Азия хит» музыкалық фестивалі (120 адам).

«Айналайын», «Өркен», «Дос» (Амангелді көшесі, 50/1) - «Ұлттық ойындар» квест-ойыны (120). «Балшуақ»(Катаев көшесі, 36/2) - «Сабантой» ұлттық ойындарының фестивалі (120).

«Болашақ», «Сәлем» (Естай, 56/1) - «Қаушу» театрланған қойылымы (120).

«Бірлік», «Жеңіс», «Жігер» (Шөкин көшесі, 34) «Асық пати» ойындарының спартакиадасы (100) «Жас толқын» (Майра көшесі, 41) - «Дені саудың, жаңа сау» денсаулық фестивалі (120)

«Жас Қанат», «Эмералд», «Ракым» (Жаяу Мұса көшесі, 1) - «Жорға жарыс» ұлттық ойындарының спартакиадасы (150) «Марафон» (Лермонтов көшесі, 95) - «Алға, балалар» ойындарының спартакиадасы (100).

Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы (Ломов көшесі, 30, А. Сәтпаев көшесі, 253) «Жасыл планета» квест-ойыны (100)

Павлодар қаласы балалар музыка мектебі (Бакинская көшесі, 4) - «Алдар Көсенің көршісіне қонаққа бару туралы» танымдық-ойын-сауық іс-шарасы, концерт (300)

«Павлодар дарыны» балалар дарындылығын дамыту және жұмыспен қамту орталығы (Бектұрова, 115) - 5 станция бойынша «Тату көршілер» ойыны:асық ату, бәйге, шығармашыл көршілер, жұмбақ, арқан тарту (100)

Балалар көркемсурет мектебі, ұлттық жаңғыру мектебі (Майра көшесі, 3, Майра көшесі, 1, Майра көшесі, 15)- «Ізгі дәстүрді қайта жандандыра отырып» танымдық-ақпараттық-ойын-сауық іс-шарасы, концерт (300)

Балалар техникалық мектебі (Ломова, 156/2, Ломов, 154/4) - көрмелер, «Кел, көршілер, танысайық» шебер-сыныптары (120)

Ұйымдастырушылар: «Рухани жаңғыру» облыстық жобалық кеңсесі, ішкі саясат басқармасы, «Нұр Отан» облыстық партиясының филиалы, «Жас Отан» ЖҚ, Павлодар қаласының білім беру бөлімі, Павлодар қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі.

Павлодар қаласының білім беру бөлімі