ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Еліміздің болашағы жастардың қолында
05-04-2019 16:28
Еліміздің болашағы жастардың қолында

Павлодар қаласында 2019 жылыдың 5 сәуірінде № 37 ЖОМ «Ел болашағы жастардың қолында» атты жас педагогтардың дәстүрлі 2-ші форумы өтті. Мақсаты - шығармашылық белсенділікті ынталандыру, кәсіби шеберлік деңгейін арттыруға ынталандыру, корпоративтік мәдениетті дамыту, шығармашылықпен жұмыс істейтін жас педагогтарды қолдау және ынталандыру, мұғалім мамандығының беделін арттыру. Форум еліміздің Тұңғыш Президенті Елбасының жариялаған жастар жылымен сәйкес келеді.

ІІ форумға қала әкімінің орынбасары Саян Назымұлы Мұқанов, ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Олжас Сансызбайұлы Әлімханов, жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма бөлімінің басшысы Дәурен Серікұлы Абдрахманов, Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Ринат Нұрланұлы Жұмабмаев және қала мектептерінің 300-ден астам жас педагогтары, зияткерлік және шығармашылық конкурстардың, жеңімпаздары, облыстық республикалық және халықаралық жарыстардың жүлдегерлері қатысты.

Форумның бірінші бөлімінде диалогтық алаңдар 5 блокта жұмыс жасады: спорттық (жаттықтырушылар Матай қымбат, № 40 ЖОМ логопеді, Меңдібаев Жаслан, № 34 ЖОМ физика мұғалімі), шығармашылық блок (жаттықтырушы Теміржанов Нұрғиса № 33 ЖОМ), интеллектуалды белсенді жастар (жаттықтырушылар: Поляков Илья Олегович (№ 34 ЖОМ), Абельдинова Айнұр (№ 43 ЖОМ), волонтерлік қозғалыс белсенділері (жаттықтырушылар Садықов Еркебулан, Бесенов Рустам (№ 36 ЖОМ), «Рухани жаңғыру» блогы (жаттықтырушылар Төлеубаев Әлібек (№ 34 ЖОМ), Сүлейменова Рымкеш (№ 24 ЖОМ).

 «Мұғалім-ғылымдарға үйрететін адам ғана емес, сонымен қатар рухани және адамгершілік бастаудың иесі. Мұғалімдер ерекше азаматтық миссияны орындайды-жас ұрпақты тәрбиелейді. Олардың білімі мен тәжірибесі, дәстүр сабақтастығы мен жаңашылдығы әрбір педагогикалық ұжымның жетістіктерінің негізінде жатыр», - деп атап өтті өз сөзінде қала әкімінің орынбасары Саян Назымұлы Мұқанов.

Форумда «Жарқын болашақ  жастардың қолында» 20 үздік талантты педагогты марапаттау рәсімі өтті. Барлық номинанттарға «Келешек кемелі» естелік мүсіншелер мен Павлодар қаласы акимінің грамоталары табыс етілді.

«Білім тарландары» номинациясында:

Қымбат Галлямқызы Матай, № 40 ЖОМ психологы, республикалық, облыстық «Дарынды балаларға - талантты ұстаз - 2018», «Педагогикалық идеялар фестивалі», облыстық «Педагогикалық бастамалар - 2018», «Үздік әдістемелік-дидактикалық құрал - 2018» конкурстарының жеңімпазы.

Алтынгүл Арманқызы Исполова, № 29 ЖОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «XVIII Сәтбаев оқулары» халықаралық ғылыми - практикалық конференциясының жүлдегері, «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» республикалық конкурсының, облыстық тамыз педагогикалық оқуларының жеңімпазы, қалалық мұғалімдер арасындағы пән олимпиадасының жүлдегері.

Дәуржан Қайыргелдіұлы Күлжанов, № 9 мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі, «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» республикалық, облыстық конкурстардың, «Үздік әдістемелік-дидактикалық құрал - 2018» облыстық және қалалық конкурстардың жеңімпазы.

Татьяна Викторовна Стрикунова, № 17 ЖОМ өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі, республикалық «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» байқауының, облыстық және қалалық «Үздік әдістемелік-дидактикалық құрал - 2018» сайыстарының жеңімпазы.

Әсел Сәкіжанқызы Бейсенбекова, № 25 тарих пәнінің мұғалімі, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы дала Елі» ғылыми жобасының, «Құқықтық тәртіпті азамат» этнографиялық олимпиадасының жеңімпазы.

«Шынарлы шың» номинациясында:

Ұлжан Нұрболатқызы Озыхан,  № 37 ЖОМ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, Республикалық «Learning foreign languases» байқауының, қалалық, облыстық «Зерде - 2018» ғылыми жобаларының жеңімпазы.

Ажар Құрманқызы Сейтханова, № 19 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі, өзін-өзі тану пәні бойынша Х республикалық олимпиада, XII қалалық пән олимпиадасының, тамыз педагогикалық оқуларының жеңімпазы

Сания Асқарқызы Сагитова, № 16 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі, «КИО»  республикалық қашықтық олимпиадасының, «Педагогикалық ринг - 2017» қалалық сайысының, тамыз педагогикалық оқуларының жеңімпазы - 2018, «Step by Step» қалалық технология деңгейінің жаттықтырушысы.

Динара Тлеубекқызы Рамазанова, № 7 ЖОМ география пәнінің мұғалімі, «Дарынды балаларға - дарынды мұғалім - 2018», «Заманауи сабақ», «Үздік әдістемелік-дидактикалық құрал - 2018» қалалық байқауының жеңімпазы.

Гүлназ Орынғазықызы Орынгазиева, Жетекші ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі, «Көшбасшы-педагог - 2018» I Халықаралық байқауының, «Зияткер» қашықтық интернет-олимпиадасының, «Үздік оқу-әдістемелік құрал - 2018» қалалық конкурсының жеңімпазы.

«Бастау» номинациясында:

Рымкеш Жеңісқызы Сүлейменова, № 24 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі, қалалық жас педагогтар кеңесінің төрағасы.

Олжас Файзуллинұлы Қоңратбаев, команда капитаны, жас педагогтар арасында облыстық КВН сайысының жеңімпазы.

Нұрғиса Талғатұлы Теміржанов, қосымша білім беру педагогы № 33 ЖОМ мұғалімі, команда капитаны, жас педагогтар арасында қалалық КТК сайысының жеңімпазы.

Асет Бақытжанұлы Серікбаев, № 16 лицей-мектебінің тарих пәні мұғалімі, қалалық жас педагогтар кеңесінің баспасөз орталығының жетекшісі, жас педагогтар арасында қалалық КТК сайысының жеңімпазы.

Садықов Еркебұлан, № 36 ЖОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, команда капитаны, жас педагогтар арасында қалалық КТК сайысының жеңімпазы.

«Үміт» номинациясында:

Әлібек Бейсенұлы Төлеуов, № 34 ЖОМ тарих пәні мұғалімі, «Трансформация образования через лидерство учителей» Халықаралық Жастар форумының қатысушысы, «Рухани-жаңғыру» облыстық ғылыми-практикалық конференциясының жеңімпазы, мұғалімдер арасындағы қалалық пәндік олимпиаданың және «Үздік әдістемелік-дидактикалық құрал - 2018» сайысының жүлдегері.

Гүлнұр Баймаханбетқызы Бекболатова, № 10 балабақша тәрбиешісі, облыстық, республикалық «Жаңашыл педагог», «Педагогикалық идеялар панорамасы» конкурстарының жүлдегері, «Үздік тәрбиеші - 2018» қалалық байқауының жеңімпазы.

Жұлдыз Бейсенқызы Нығметова, № 111 балабақшаның логопеді, облыстық «Үздік әдістемелік-дидактикалық құрал - 2018» сайысының, қалалық «Үздік авторлық бағдарлама - 2018» сайысының жүлдегері.

Вячеслав Александрович Тамаровский, № 39 ЖОМ дене шынықтыру мұғалімі, облыстық шағын-футбол және жағажай футболы чемпионатының жүлдегері, қалалық мұғалімдер арасындағы баскетбол бойынша спартакиадасының жеңімпазы.

Азамат Жанарбекұлы Әбішев, № 24 ЖОМ дене шынықтыру мұғалімі, тай боксы бойынша Қазақстан Республикасы Кубогының жеңімпазы.

Форум соңында жас педагогтардың идеялары мен бастамаларын әзірлеу бойынша 5 диалогтық алаң жұмыс нәтижелері таныстырылды.